Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу
Главная / Новости / «2013 жылдың Ең үздік банкноты» деп 1000 теңгелік купюра танылды

«2013 жылдың Ең үздік банкноты» деп 1000 теңгелік купюра танылды

  

Қазақстандық 1000 теңгелік купюрасы  халықаралық  банкнот қоғамдастығының (IBNS) шешімі бойынша «2013 жылдың Ең үздік банкноты» болып танылды. Бұл жайында IBNS ресми сайтында хабарланды.  

IBNS шешімі бойынша  2013 жылдың ең үздік банкноты атағына үміткерлер қатарына кіргендер — 100 рубль (Ресей, естелік Олимпиядалық банкноты), бес еуро, бес реал (Бразилия), 50 динар (Ливия), 10 мың крон (Исландия), 100 доллар (АҚШ), 10 доллар (Канада), 100 доллар (Фиджи), 50 доллар (Барбадос) және 50 доллар (Соломон Аралдары)

Қазақстандық купюралар осымен үшінші жыл қатарынан мұндай марапатқа ие болғанын айқындаймыз. 2011 жылдың 4 шілдесінде басып шығарылған Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған,  номиналы 10 мың теңге банкноты 2011 жылы жеңіске жетті.  2012 жылы ең үздік купюра болып, беткі жағында "Қазақ Елi" монументі мен ұшып бара жатқан көгершіндер бейнесі бар бес мың теңге болып танылды.

 

2013 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Ұлттық Банкі 1000 теңгелік номиналды банкнотаны айналымға жіберді.  Банкнота сары-қоңыр реңде орындалған.  Беткі жағында Күлтегін скульптурасының бір бөлігі (Екінші түрік қағанатының саяси және әскери қайраткері), "Қазақ Елi" монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Кері жағында түркі жазбасының естелігі, түркі жауынгерлерінің жарға салынған  бейнелері және бұғы көрінеді.  Мұнан басқа, кері жағында мемлекеттік  ту бөлігі, Ұлттық Банкінің  логотипі бейнеленген және «Ескерткіш теңге» жазуы бар  голографиялық жолақ орналасқан. Естелік банкнотының таралымы 10 миллион дананы құрады.

Артқа қайтып оралу

Түсініктеме

Түсініктеме қалдыру