Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу
Главная / Новости / 2013 жылғы үлгідегі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың сипаттамасы

2013 жылғы үлгідегі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың сипаттамасы

 

2013 жылғы 12 желтоқсан айналысқа жіберілді.

Таралымы: 10 000 000 дана

Өлшемі: 134х70 мм

Басым түс: сарғыш қоңыр.

Бет жағы: басым бейнелер тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер – банкноттың оң жағында «Қазақ Елі» монументі және төменгі оң жағында ұшып бара жатқан көгершіндердің бейнесі. Сол жақ бөлігінің ортасында Күлтегін мүсінінің бөлігі берілген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту бейнеленген. Жоғарғы сол жақ бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі басылған, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу бар. Сол жағында көлденеңінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.

 

Сырт жағы: басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер – түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, олардың арт жағында түркі жазбасы ескерткіші. Төменгі сол жағында және жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменде ортада – орыс тіліндегі әріптік белгісі. Сол жағында Мемлекеттік Тудың бөлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген ені 12 мм голографиялық жолақ және «Ескерткіш теңге» деген жазба орналасқан. Жоғарғы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған. Төменгі сол жағында орналасқан номиналдың цифрлық белгісінің астында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу бар.

Артқа қайтып оралу

Түсініктеме

Түсініктеме қалдыру