Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу
Главная / Новости / Жомарт ҚАЖЫМҰРАТОВ: Біздің фабрика әлем бойынша ең сапалы банкнот шығарады. Дәлел – АҚШ өз долларын теңгеге ұқсатып басуға тырысты.

Жомарт ҚАЖЫМҰРАТОВ: Біздің фабрика әлем бойынша ең сапалы банкнот шығарады. Дәлел – АҚШ өз долларын теңгеге ұқсатып басуға тырысты.

 

Теңгенің рубль мен доллардан қандай артықшылығы бар? Нағыз купюрден жалған ақшаны қалай айыруға болады? Қазақстанда жаңа банкноталар неге жиі айналысқа енгізіледі? Ұлттық Банк Қазақстаннан тыс жерлерге мәлім тарихи тұлғалардың бейнесі басылған, халыққа соншалықты ұнаған алғашқы купюрлерден неге бас тартты? Осы және басқа да сұрақтарға Банкнот фабрикасының директоры Жомарт ҚАЖЫМҰРАТОВ «Мегаполис»  басылымына сұхбат берді.
 
– Жомарт Төлегенұлы, Қазақстанда өткен аптада қаржыгерлер күні атап өтілді.    Сізді құттықтауға бола ма әлде кеш пе?
 
– Бұл - тек қаржы саласындағы мамандардың ғана мерекесі емес, ұлттық валюта - теңгенің туған күні. Ақшаны қолына ұстамайтын адам жоқ. Сондықтан бұл мереке бәрімізге  ортақ деп есептеймін.
 
Иә, барлығы дерлік ұстайды. Біздің редакцияға зейнеткерлер шағым айтып келді: купюрдың түсі өзгергеннен бері кешке қарай жасанды жарықта бір номиналды екіншісінен айыра алмаймыз дейді. Бізге бір номиналды, бірақ әртүрлі түсті және дизайнды банкноттардың не қажеті бар?
 
- Бұл шындыққа жанаспайды. Дизайн екі түрлі ғана болды. Алғашқысы -  1993 жылғы -          тарихи тұлғалармен. Мұнан соң экономикалық жағдай мен өмір талабы өзгерді. Сол себепті, дизайнның екінші түрі пайда болды. Әрбір жаңа элементке қағаздың басқаша тығыздығы, жаңа колористика (бұл да қорғаныстық элементке жатады) және дизайн талап етіледі. Сондықтан да барлық жаңа технологияларды біз мерейтойлық және ескерткіштік банкноттарда қолданамыз.
 
Жақсы. Мысалы, Азиада ойындарына арналған 2000 теңгелік купюр.  Аверс - жасыл, реверс - көгілдір. Кешке таман басқа номиналмен әбден шатыстыру мүмкін.
 
– Мен ешқашан шатыстырмас едім!
 
Әрине, Сіз кәсіби тұрғыдан қарағанда бұл мүмкін емес.
 
– Өзіңіздің ақшаңызға мұқият болу керек. Ол - сіздің еңбегіңіз. Теңгенің алғашқы сұлбасына қатысты айтарым мынау: жаңа қорғаныстық элементтерді техникалық көзқарас тұрғысынан оған қолдану мүмкіндігі болмады. Портреттерді жылжытсақ, идея бұзылады. Көп мәселе туындады... Сол себепті, жаңа дизайнды екінші үлгі пайда болды. Біздің мақсатымыз - жалған ақша жасаушылардан көш ілгері жүретін жоғары қорғаныстық дәрежелі, кәсіби шеберлікпен жасалған өнім шығару.
 
– Бірақ, жалған ақша шығару бойынша көлеңкелі іс әлі тоқталған жоқ қой!
 
– Және жалғаса береді. Мысалы, «ең көп қолданыстағы» номиналдар қолдан жасалады.  Мұнан қиындарына да ауыз салады, бірақ, барлығы - жабайы тәсілмен.  2008 жылы біз ең жоғары қорғаныстық дәрежелі «Спарк» элементін әлемде бірінші болып қолдандық.
 
Бұл - қыран бейнелі номинал ма?
 
– Оны әзірге қолдан жасау мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар,  «Оптикс» элементін де әлемде бірінші болып енгіздік. Қорғаныстың басқа да элементтерінің топтамасынан жасалған біздің 10000 теңгелік номиналды банкнотамыз - әлем бойынша ең үздік банкнот деп танылды. Сол себепті, Европалық Орталық банк «Спарк» элементін евроның жаңа сериясын шығаруда қолдануды көздеп отыр. Ислам Конференциясы Ұйымына Қазақстанның төрағалық етуіне арналған банкнотта біз әлемде тұңғыш рет                                ені 6 миллиметрлік қорғаныстық жіпті пайдаландық. Сондай-ақ, ОБСЕ-ге төрағалық жасау шарасына орай шығарылған ескерткіштік банкнотта алғаш рет «вэрифай мэджик» технологиясын қолдандық. Яғни, «терезелі» банкнот. 
 
Гонконг долларында да «окошко» бар емес пе?
 
– Бар. Бірақ, оны бірінші шығарған Біз! Онда үш банк алты номиналды банкнот шығарады, айналыста 18 номинал және оларды жергілікті тұрғындар шатыстырмайды. Егер Сіз сол елде  болсаңыз, бұған қатысты бірде-бір шағым естімейсіз?!
 
– Жомарт Төлегенұлы, жаңа банкноттарды айналысқа жиі енгізу Ұлттық Банкке қымбатқа түспей ме? Қағаз, бояу, дизайн, басу…
 
– Жоқ, дәл солай деп айтуға болмайды.  Бірінші қорғаныстың жаңа элементі пайда болады. Сосын қалған жұмыс біртіндеп іске асады. Өндірушілер өз өнімінің қолданысқа енуіне мүдделі. Әрине, біз қағаз өндірушілерді, технология жасаушыларды, басқа да басушыларды шақырамыз. Банкнотаны шығарамыз, қараймыз. Оны шетелдік сарапшылар да тексерістен өткізеді... Қорғаныстық элементтерді жасаушы Авторлардың өзі бізге шақыртусыз-ақ келеді, себебі, біз әлемдегі ең үздік банкнот шығаратын фабрика болып есептелеміз: кейбір мемлекеттер үшін қорғанысты құжаттар шығарамыз, олардың валютасын басамыз.
 
Мысалы, қандай елдердің?
 
– Сіз кешіріңіз, контракт шарты бойынша мен оларды атай алмаймын. Әлем бойынша әрбір банкнот фабрикасында біздегі сияқты жабдықтар жоқ. Сондықтан, бізді толық бәсекелестікке қабілетті кәсіпорын деп тануға болады.  
 
- Мына сұрақ көкейімде тұр. Неге бізде жаңа купюралар жиі шығарылады? Ал, доллардың,  фунттың, евроның, иеннің, юаньның, рубльдің «беті» өзгермейді?
 
– Біріншіден, кейбір долларлық купюралар жасыл түсін әлдеқашан жоғалтты. Фунт стерлингтегі ханшайымның бейнесі - дәстүрге айналды… Екіншіден, Сіз әлем бойынша қандай валютаның ең жиі жалған қолмен жасалатынын білесіз бе?
 
– 100-доллар!
 
– Иә, жалған ақша жасаушылардың ең «сүйікті» банкнотасы! Бұған қоса, 100-долларлық купюрдің 70%-дан аса бөлігі АҚШ-тан тыс жерде айналыста. Оның қаншасы жалған екендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Ал, теңгені қолдан жасау айрықша күрделі. Осыдан бес жыл бұрын мен АҚШ банкнот фабрикасының гравирлеу және басу бюросының бұрынғы директорымен әңгімелескен едім. Ол маған мына бір жайды айтты: біздің фабрика шығарған банкнотаның әлем бойынша жоғары сапалылығы сол, олар долларды теңгеге ұқсас етіп шығармақ болған. Себебі, бір дизайнды және колористикалы банкноттардың көкейтестілігі қалайда жойылады. Портрет орнына - символдар (ентаңбалар) енгізбек болған. Бірақ, кейбір мәселелері шешімін таппай, конгресстен өтпей қалған. Ал, рубльге келсек… Олардың ең соңғы банкноталары сипаттама бойынша бес жылға кешікті деп айтуға болады. Біз мұндай қорғанысты баяғыдан қолданып келеміз.
 
– Жомарт Төлегенұлы, Сіз жалған теңгені ұстап көрдіңіз бе?
 
– Иә. Бірақ, тағы қайталап айтамын, біздің қорғаныстық элементтерді үй жағдайында шығару м-ү-л-д-е-м мүмкін емес! Дөрекі түрде жасалған жалған ақшаларды жай көзбен-ақ аңғаруға болады.  Азиадаға арналған банкноттағы «ұлпа қарды» - қалай жасауға болады?!  Евроны енгізген кезде - үлкен пікірталас туды. Неміс маркасының қорғаныстық деңгейі үздік деп танылды. Португальдық эскудо – нашар. Әрбір банкнот фабрикасы өз технологиясы және қорғаныстық құралдары арқылы мүмкіндігін танытады. Ал, біртұтас евровалютаны екі фабрика да басып шығаруы шарт. Бәсекелестік осыдан туындайды.
 
Сіздің фабрика тек ақша ғана басып шығармайтынын білеміз. Паспорттар, акциздік маркалар, дипломдар, басқа да қорғанысты полиграфиялық өнімдер…
 
– 120 атаулы басылым. Әрине, бұл да оңай жұмыс емес. Мысалы, бізбен іргелес Қытай елі бар. Оның батыс жақ бөлігінде ғана 2000  шақты кәсіпорын голограмма шығарумен айналысады. Бізде жаңа өнім пайда болса, - жарты жылдан кейін-ақ, жалған өнімдер айналыста жүреді…
 
Жоғары сапалы ма?
 
– Бұл - жоғары сапаның  имитациясы. Біз оны білеміз. Қараймыз, қалай жасалғанына сараптама жасаймыз. Сондықтан да біздің ең басты мақсатымыз - қайталауға мүмкіндік берілмейтін қорғаныстық дәрежелі өнімді шығару. Мысалы, Европа Орталық банкінде фломастермен евроны «салуға» тырысып, жұмыс істеп отырған мамандар бар. Бұлар мұнымен еріккеннен айналысып отырған жоқ. Олар - осындай жабайы түрде қол құралдары арқылы жалған ақшаны жасау мүмкіндігіне көз жеткізетін арнаулы лаборатория қызметкерлері болып табылады. Жұмыс нәтижесі бойынша олар әрбір элементке қорытынды сараптама береді...
 
– Жомарт Төлегенұлы, Сіз 50-жылдары Ростовтық жалған ақша жасаушыны түрмеге отырғызғанын білесіз бе? Ол тіпті, таңғаларлығы сол, жазаны өтеу орнында отырып-ақ, бес сомдық ақша шығарумен айналысқан?!
 
– 10-сомдық. Білемін, әрине. Гознактан арнаулы сарапшылар келді - олар да жалған ақшаны түпнұсқадан бірден айыра алмаған... Бүгінгі технология мүлдем басқаша. Біз, мақтанудан тайынбаймын, сол нарықтың ең алдыңғы сапындамыз.     
 
– Финляндия, Балтика елдерінің супермаркеттерінде төлем үшін рубльді қолдану басталды. Балкан елдері де оған дайын. Теңге осындай дәрежеге жете ме?
 
– Президент біздің алдымызға әлемнің 50 алдыңғы қатарлы елінің қатарына қосылу міндетін қойды. Біз кейбірінен - төмен, кейбірінен - жоғары қозғалыстамыз. Мақсат - айқын. Біз оған үнемі ұмтылыстамыз. Егер экономика дамыса - теңгеге қажеттілік те артады. Бұлар - өзара тығыз байланысты буындар. Ал, валюта - мемлекет міндеті.  Әлем бойынша озық елдер санатына енсек, теңге де халықаралық валюта ретінде танылмақ.
 
Теңге сонда сыртқа шыға ма?
 
– Күдік келтірмеймін.
 
Тиын есіңізде ме?
 

Егер Сіз ұмытсаңыз, есіңізге салайын: 20 жыл бұрын осы жерде (фабрикада) алғашқы тиындарды басу басталған еді. Осы мерейтоймен құттықтауыңызға болады

Мақаланың түпнұсқасын оқу үшін, мына сілтемені басыңыз

 

Артқа қайтып оралу

Түсініктеме

Түсініктеме қалдыру