Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / БАСУ ТӘСІЛІ

БАСУ ТӘСІЛІ

БФ әртүрлі басу тәсілі қолданылады: офсеттік‚ терең‚ шығыңқы‚ флексографиялық‚ трафареттік және инжекторлық. Сонымен қоса‚ үйлесімді басу тәсілдері де пайдаланылады. Әрбір тәсілдің өз артықшылығы бар.

Офсеттік басу тәсілі

Офсеттік басу тәсілі - резинаматалық полотно бекітілген аралық офсеттік цилиндр арқылы баспалық қалыптағы жолақты бояуды (баспалық және бөлшектік элементтер бір деңгейде) қағазға түсіру тәсілі. Басудың бұл тәсілі көптеген объективті себептерге байланысты басымдыққа ие болып отыр:

  • беттік және айналмалық бетке бір мезгілде басудың әмбебаптық мүмкіндігі;
  • әртүрлі салмақ пен тығыздықтағы қағаздарды пайдалануда беттік және рулондық машиналарда ірі форматты өнімдерді жеңіл дайындау мүмкіндігі;
  • көпбояулы өнімдерді дайындау және т.б. сапаның жақсаруы.

 

Офсеттік баспа оттискілері мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

 
  • баспалық элементтердің алаңына бояулық қабаттың тең бөлінуі;
  • оттискіге жартылай реңкті бейнелер салуда алаңы‚ түрі мен бояуы бойынша анықталатын элементтер қолданалады;
  • жіңішке сызықтар мен штрихтардың үздіксіздігі;
  • ылғалдандыру және ылғалдандырусыз басу ерекшелігі.
 

 

Ылғалдандырусыз офсеттік басу тәсілі бағалы қағаздарды қорғаудың бір әдісі ретінде пайдаланылады‚ жіңішке штрихтардың үздіксіздігін қамтамасыз етуде бұл технология металлографиямен бәсекелесе алады.

Шығыңқы әдіспен басу

Шығыңқы әдіспен басу - шектік элементтерден жоғары орналасқан баспалық таңбаларды басылатын материалға түсіру әдісі. Баспалық қалып ретінде металдық терім‚ клише‚ фотополимерлік және басқа да баспалық қалыптар қолданылады. Баспалық қалыптан бояу басылушы материалға көшуі үшін белгілі бір дәрежедегі күшті талап ететін қысым керек.

Орловтық басу

Орловтық басу әдісінің басты мақсаты - көпбояулы кескіндік таңбаны әрбір түстің түпнұсқалық суреті бар аралық бояу шаблондар арқылы бір баспалық қалыптан басу. Шаблонның әрбір бояулы суреті өз бояулық кескінін валға‚ сонан соң барлық түпнұсқалық сурет қамтылған жиынтық қалыпқа береді. Бұл - баспалық машина арқылы көпбояулы кескінді қоспасыз және бөлусіз оттискіге бір бет арқылы көшіруге мүмкіндік береді.

Металлографиялық басу

Терең металлографиялық басу - баспалық қалыптағы кескіндеме эелементтері тереңдетілген басу тәсілі. Басу барысында бояу қалыптан қағазға көшеді және кепкен соң саусақпен басқанда білінетін бояу қабаты пайда болады. Металлографиялық басу тәсілі арқылы суреттің айқындығы мен дәлдігіне көз жеткізуге болады.

Банкнот фабрикасы - Қазақстан бойынша баспалық өнімдерді жалғандықтан қорғайтын және ең жоғары қорғанысты қамтамасыз ететін металлографиялық басу тәсілін қолданатын жалғыз полиграфиялық кәсіпорын болып табылады.