Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / "БАЙТЕРЕК"СЕРИЯСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ

"БАЙТЕРЕК"СЕРИЯСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ

2006 жылғы 200 теңге

Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 200 теңге
Өлшемі (мм) 126х64
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнесі: банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында мемлекеттік тілдегі эмитент банктің атауы «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан.
Басым түстер — сарғыш және жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе ҚР Көлік
және коммуникация министрлігінің ғимараты және елорда Астанада Есіл өзені арқылы көпірде
орнатылған қанат ты — барыстың біреуі, артқы көріністе ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимараты
және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі,
орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 200 және марал
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «Алматы 200» мәтінімен ені 2 мм сүңгуір жіп.

 

2006 жылғы 500 теңге

 

Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 500 теңге
Өлшемі (мм) 130х67
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнесі: банкноттың орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контурі ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі бөлігінде ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Мемлекеттік әнұран ноталары астында мемлекеттік тілдегі эмитент банктің атауы — «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ».
Басым түстер — көк және сұр.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе ҚР Қаржы министрлігінің ғимараты, Астана қ. әкімшілігінің ғимараты, артқы көріністе теңіз үстіндегі шағалалар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 500 және киік
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «Астана 500» мәтінімен ені 2 мм сүңгуір жіп.

 

 

2006 жылғы 1000 теңге

 

Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 1000 теңге
Өлшемі (мм) 134х70
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контурі ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі сол жақ бұрышын- да тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Оң жақ төменде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — сары және қоңыр.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Президенттік мәдениет орталығы және Батыс Қазақстанның «Чинк» табиғи ландшафты. Артқы көріністе таулардың бейнесі. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 1000 және түйе
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «1000» мәтінімен және ҚРҰБ логотипімен, ені 3 мм сүңгуір жіп.

 

 
 

2006 жылғы 2000 теңге

 
Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 2000 теңге
Өлшемі (мм) 139х73
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: күңгірт және ашық жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Алматы-
дағы Абай атындағы опера театрының ғимараты, артқы көріністе таулы көл. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 2000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «2000» мәтінімен және ҚР Президентінің қолтаңбасымен, ені 3 мм сүңгуір жіп.
 
 

2006 жылғы 5000 теңге

 

Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 5000 теңге
Өлшемі (мм) 144х76
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнесі: банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қоңыр қызыл және күңгірт-сұр жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: күрең қоңыр және қызыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үй ғимараты, артқы көріністе таулар. Сол жақ төменде және оң жағында банкноттың сандық белгілеуі, орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 5000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «5000» мәтінімен және ұлттық ою-өрнегімен, ені 3 мм сүңгуір жіп.

 

 

2006 жылғы 10000 теңге

 

Атауы: Бәйтерек
Номиналы: 10 000 теңге
Өлшемі (мм) 149х79
Шығарылым жылы: 2006 жыл. Айналыста 2006 жылдан
Бет жағының негізгі бейнесі: ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және күңгірт көк жолақ- тарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі сол жақ бұрышында тігінен номинал-
дың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: күлгін және көк.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Қазақстан Республикасы Президентінің резиден- циясы Ақорда, артқы көріністе арналар. Сол жақ төменде және оң жақтада банкноттың сандық белгілеуі, орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 10 000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «Оптикс™» қорғаныш жібі, ені 18мм, мөлдір саңылаудағы «10000» номиналының суреті және
сандық бейнесі бар металсыздандырылған полимерлі жолақ.