Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / Біріктірілген басқару жүйесі (ББЖ)

Біріктірілген басқару жүйесі (ББЖ)


Біріктірілген басқару жүйесі (ББЖ)

Қызметті тиімді басқару мақсатында БФ 2009 жылы Қазақстанда алғаш рет ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, BS OHSAS 18001:2007 ХС талаптарына сәйкес жоғарыда аталған өзара үйлесімді жүйелерді сапаны, экологияны және еңбекті қорғауды басқару бойынша бірыңғай жүйеге біріктірді.

Біріктірілген басқару жүйесін ендіру ұйымға белгілі тиімділіктерді ұсынады: 

  • тұтынушылар адалдығын арттыру;
  • нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артықшылығын;
  • табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру;
  • авария тәуекелдерін азайту;
  • қоршаған ортаны қорғау және энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша фабриканың қызмет нәтижелерінің қоғамдық санаға оң әсері.
 

 

ISO 9001:2008 «Сапа менеджмент жүйесі»

Осы халықаралық стандарт кәсіпорынның қандай өнім шығаратындығына немесе қандай қызмет көрсететіндігіне қарамастан, кез келген кәсіпорында сапаны басқару талаптарын ұсынады. Бұл талаптар сапа менеджменті мен процестік кіріс қағидаларына негізделген.

Сапа менеджмент жүйесі келесі қағидаларды қамтиды:

  1. Тұтынушыға бағдарлану;
  2. Басшының көшбасшылығы;
  3. Жұмысшыларды тарту;
  4. Процестік кіріс;
  5. Жүйелік амал;
  6. Тұрақты жақсару;
  7. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау;
  8. Жеткізушілермен өзара тиімді қарым қатынаста болу.

Осы қағидалармен қатар, жүйені басқару кезінде Деминг – Шухарттың «PDCA»: жоспарлау – орындау – тексеру – жақсарту цикліне тұрақты сүйену қажет.

Сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету және қызметті тиімді басқару мақсатында «ҚР ҰБ Банкноттық фабрикасы» РМК (әрі қарай - БФ) жетістікке қол жеткізу құралдарының бірі ретінде сапаны басқару жүйесін таңдап алды. 2003-2005 жылдар аралығында БФ-пен ISO 9001:2000 ХС бойынша Сапа менеджмент жүйесі әзірленді, ендірілді және сертификатталды. Одан әрі ISO 9001:2008 халықаралық стандартының жаңа нұсқасының шығуына байланысты сапаны басқару жүйесі осы стандарт талаптарына сәйкес сертификатталды және құрылған жүйе 12 процесті басқарады. Өз кезегінде осы процестер кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметін қамти отырып, тұтынушылар мен жеткізушілердің өзара қарым қатынастарын анықтайды. Жүйенің негізгі мақсаты тұтынушылардың талаптарын орындау және олардың үміттерін ақтау арқылы оларды қанағаттандыру болып табылады.

 

ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйесі»

Осы халықаралық стандарт кәсіпорынның қызмет ету кезінде қоршаған ортаға әсерін басқару талаптарын ұсынады. Экологиялық аспектілерді (қоршаған ортаға әсерді басқару) басқару арқылы экологиялық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында БФ 2009 жылы ISO 14001:2004 халықаралық стандартының талаптары негізінде экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) ендірді. Қолданысқа ендірілген ЭМЖ қоршаған ортаға әсерін төмендетуге (ең алдымен, превентивті және аз шығынды шаралармен) бағытталған жұмыстарды жүйелеу, кеңейту және арттыру, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғатты қорғау жобаларын және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге бағытталған бағдарламаларды орындау бойынша БФ-мен басталған қызметтерді қамтиды. Аталмыш экологиялық менеджмент жүйесі процестік кірістің және Деминг циклінің қағидаларына негізделген және барлық мүдделі тұлғаларға БФ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік талаптарын ескеретін саясатты және мақсатты іске асыратындығын растайды.

 

BS OHSAS 18001:2007 «Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі»

Осы халықаралық стандарт нәтижесінде жарақаттарға және жазатайым оқиғаларға алып келетін тәуекелдерді төмендететін денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіпорын қызметін бағалау талаптарын ұсынады. Бұл стандарт жоғарыда аталған стандарттармен бірге қолданылады және процестік кіріске және Деминг цикліне негізделген. Өндірісте қауіпсіздікті және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкесімділікті қамтамасыз ету мақсатында БФ 2009 жылы BS OHSAS 18001:2007 негізінде осы жүйені ендірді. Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджмент жүйесі жұмыс орнында мүмкін қауіптіліктерді бақылауды және жоюды, тәуекелдерді тұрақты төмендету процесін қамтамасыз етуді қамтиды. Жүйелі және құрылымды басқару авариялардың тәуекелін қысқарту, қызметкерлер денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ету және жұмыс орнында техника қауіпсіздігін сақтаудың үздік тәсілі болып табылады.