Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / ЕСКЕРТКІШ ЖӘНЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАНКНОТТАР

ЕСКЕРТКІШ ЖӘНЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ БАНКНОТТАР

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот

   

Қазақстан Республикасының «Ислам Конференциясы» Ұйымына төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот

 

 

Атауы: ЕҚЫҰ
Өлшемі (мм) 134х70
Шығарылым жылы: 2010 жыл. Айналыста 2010 жылдың 5 қаңтарынан
Бет жағының негізгі бейнелері: сол жақ жоғарғы бұрышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, оң жақ төменгі бұрышта стилденген ұшып бара жатқан құстардың сәндік суреті. Банкноттың ортасында номиналдың қызыл-көк түсте сандық және мәтіндік белгілеуі. Банкноттың барлық алаңы бойынша қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтері пайдаланылған.
Банкноттың оң жақ бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументінің голографиялық суреті және оптикалық өзгеріп тұратын бояумен басылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі. Басым түстер — көкшіл және жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: сол жақ төменгі бұрышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы және номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» суреті, оның астында номиналдың орыс тіліндегі
мәтіндік белгілеуі. Ортаңғы жоғарғы бөлігінде алтын түсті иридесцентті бояумен басылған «2010» жазуымен құстың суреті.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 1000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, Papierfabrik Louisenthal GmbH, Германия
Қорғаныш жіптері:
– POLE (жасырын өрнек) элементімен, магнит қасиетімен машина арқылы оқуға болатын, ені 4 мм «Color Shift/Color Fix» сүңгуір жібі;
– POLE элемент — жасырын өрнек, қорғаныш жіпті поляризациялы сүзгіш арқылы қарау барысында байқалады.
Ламинатталған голографиялық элемент:
– «Астана-Бәйтерек » монументі түрінде алтын және күміс түсті металданған голографиялық сурет;
– «OSCE» логотипі және «2010» жылының сандық белгілеуі арасындағы флип-әсер (көру бұрышының өзгеру барысында көрінетін суреттің өзгеруі).
   

 

Атауы: ИКҰ
Өлшемі (мм) 134х70
Шығарылым жылы: 2011 жыл. Айналыста 2011 жылдың 25 мамырынан
Бет жағының негізгі бейнелері: банкноттың ортасында Қожа Ахмет Ясауидың кесенесінің күмбезі, оның астында номиналдың сандық белгілеуі. Оң жақта «Ислам конференциясы» Ұйымының ресми логотипі. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары: елтаңба және ту. Үстіңгі сол жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: ашық — жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі. Төменгі сол жақта, ортасында және оң жақта банкноттың сандық және әріптік белгілеуі. Жоғары ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі: «Қар барысы» басының бейнесі және электротип: 1000
Материалдар: Қағаз:
– 90% мақта, 10% синтетикалық талшық («Diamone Composite®» композициясы) сутамғы белгісімен, 95г/м2, ARJOWIGGINS, Франция
Қорғаныш жіптері:
қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «Picture thread™» металдандырылған қорғаныш жібі, қағаз бетіне ашық мәтін/ графикамен («1000» және «Барыс») енгізілген, ені 6 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын, көз салу бұрышына байланысты түсін өзгертеді; Элемент «Spark®» — ою-өрнек суреті түрінде банкноттың бет жағында орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі жасыл түстен алтын түске ауысады.

 

 
         

 

«Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкнот

   

2011 жылғы Қазақстандағы VII қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік ескерткіш банкнот

 

 

Атауы: Күлтегін
Өлшемі (мм) 134х70
Шығарылым жылы: 2013 жыл. Айналыста 2013 жылдың 12 желтоқсанынан
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі, ұшып бара жатқан көгершіндер және «Күлтегін» мүсінінің фрагменті. Жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының мемлекетті символдары: елтаңба және ту. Сол жақ көлденеңнен — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: сары және қоңыр.
Сырт жағының негізгі бейнелері: түрік жауынгерлерінің таудағы суреттері, артқы жағында түрік жазбаларына ескерткіш. Төменгі сол жақта және жоғ ары оң жақта банкноттың сандық белгілеуі, ал төменде ортасында — орыс тіліндегі әр іптік белгілеуі. Сол жақта мемлекеттік тудың суретімен, ені 12 мм голографиялық жолақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және «Ескерткіш теңге» жазуы. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, ал оның астында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі бар және электротип: 1000
Материалдар: Қағаз:
– 100% сутамғы белгімен мақта, 93 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «Motion»® сүңгуір жібі, қағазға енгізілген, ені 4,5 мм, бетіне үзік-үзік сызық түрінде ш
ығады;
Голографиялық таспа:
– ҚР туының фрагменті, ҚР Ұлттық Банкінің логотипі және «Ескерткіш теңге» жазуымен ені 12 мм голографиялық жолақ. Элемент «Spark®» — қаған тәжінің фрагмент түрінде банкноттың сырт жағында орналасқан көлбеу бұрышын өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.
   

 

Атауы: Бәйтерек
Өлшемі (мм) 139х73
Шығарылым жылы: 2011 жыл. Айналыста 2011 жылдың 17 қаңтарынан
Бет жағының негізгі бейнелері: ортаңғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және көгілдір жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. Банкноттың төменгі бөлігінде алақанның және түсін ауыстыратын бояумен басылған қар ұшқыны суреті. Төмен жақта тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Басым түстер: көк және жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: таудың аясында шаңғышы және 7-ші Азиялық ойындар символикасы. Сол жақ төменде банкнот номиналының сандық және әріптік белгілеуі. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 2000
Материалдар: Қағаз:
– 100% сутамғы белгімен мақта, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– «Starchrome magtext» сүңгуір жібі, қағазға енгізілген, ені 4 мм «Астана-Алматы» мәтінімен үзік-үзік сызық түрінде қағаз бетіне шығатын, бет жағынан «2011» жазуын, сырт жағынан «ҚАЗ» жазуын құрамдастырумен орындалған. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі қызыл-күлгін түстен жасыл түске ауысады;
Иридесцентті жолақ:
– ені 15 мм жолақта, алтын жарқылы бар арнайы бояумен басылған, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде қар ұшқынының суреті пайда болады.
Элемент «Spark®» — дөңгелек ішінде қар ұшқыны түрінде орналастырылған, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.
 

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналып шығарылған мерекелік жазуы бар номиналы 5000 теңгелік ескерткіш банкнот

   

 

Ұлттық валюта — Теңгенінің енгізілуінің 15 жылдығына арналған номиналы 5000 теңгелік ескерткіш банкнот

 

Атауы: Әл-Фараби
Номиналы: 5000 теңге
Өлшемі (мм) 149х74
Шығарылым жылы: 2001 жыл. Айналыста 2001жылдан
Бет жағы: басым түстер — қоңыр және қызыл. Төменгі бұрыштың сол жағында номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Банкноттың оң жақ бөлігінде «Қазақстан» жазуымен металсыздандырылған жіп және номиналдың мәтіндік, сандық белгілеуі. Портреттен сол жақта түсін өзгертетін бояумен басылған шарықтаған қыранның және күннің бейнесі. Банкноттың жоғарғы сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы. Сол жақ тігінен және портреттен көлденеңнен оң жақта қос топтамалы жеті нөмірлер орналасқан.
Сырт жағы: Банкноттың сол жақ бөлігінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
Сутамғы белгі: Әл-Фараби портреті және электротип: қанатты Барыс      
 Материалдар: Қағаз:
– 100% сутамғы белгімен мақта, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– ұшып бара жатқан барыс бейнесімен, ҚРҰБ логотипі және «5000» мәтінімен, ені 4 мм
сүңгуір жібі.

   

Атауы: Бәйтерек
Өлшемі (мм) 144х76
Шығарылым жылы: 2008 жыл. Айналыста 2008 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтен сол жақта мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күрең және күңгірт сұр жолақтарға ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға ақ түсті сызықпен номиналдың сандық белгілеуінің контуры орналасқан. Банкноттың төменгі бөлігінде ашық алақан және жарқыраған күннің аясында оның жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышы өзгергенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде «Spark» қорғаныш элементі. Жайылған қанаттар қыранның динамикалық қозғалысын бейнелей отырып, жарқ-жұрқ етеді. Төменде тігінен мемлекеттік тілдегі номиналдың әріптік белгілеуі. Басым түстер — күрең қоңыр және қызыл.
Сырт жақтың негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көрініс Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі ғимараты, артқы көріністе Іле Алатауының таулары. Сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада тұсында
«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі: «Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 5000                 Материалдар: Қағаз:
–100% мақта сутамғы белгісімен, 93г/м2, флюоресценетін қызғылт сары түсімен, көрінетін
қызғылт түсті талшықтар, PORTALS, Англия
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «5000 теңге» көрінетін мәтінімен, ені 3 мм сүңгуір жібі;
– ою-өрнек суретімен көмескі тәсілін енгізу элементімен «СтрайпХром»® қорғаныш жібі (қабыршық қағаз). Элемент «Spark®» — жарқыраған күннің аясында оны жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышын өзгер ткенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде, оптикалық өзгеруі қасиетімен арнайы екі орнықтыру бояуымен орындалған.

 

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнот

   

 

Ұлттық вал юта Теңгені – енгізуінің 20 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік ескерткіш банкнот

 

Атауы: Қазақ елі
Өлшемі (мм) 149х79
Шығарылым жылы: 2011 жыл. Айналыста 2011 жылдың 4 шілдесінен
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба. Сол жақ төменде және үстінде номиналдың сандық белгілеуі, сол жақ ортасында — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — көк және күлгін.        
Сырт жақтың негізгі бейнелері: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Сол жақта жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» жазуы, оның астында тәуелсіздіктің 20-жылдығын мерекелеуінің логотипі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, оның астында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 10 000      Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 100 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «СтрайпХром»® қорғаныш жібі (қабыршық қағаз), ҚР Президенттің қолтаңбасымен көмескі өрнектеу әдісімен енгізілген элементімен, ені 6 мм;
– «Оптикс™» қорғаныш жібі ені 18 мм, мөлдір терезедегі «10000» номиналының сандық бейнесімен және суретімен металсыздандырылған полимерлі жолақ. «Spark®» элементі — банкноттың бет жағында оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін бояумен орындалған, стильденген көгершіннің суреті, түсі: жасыл-алтын.

    Атауы: Барыс 500
Өлшемі (мм) 155х79
Шығарылым жылы: 2013 жыл. Айналыста 2015 жылдан (желтоқсан)
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі, пырақ және «Мәңгілік ел» салтанатты аркасы. Банкноттың жоғарғы сол жағында пырақ орналасқан, ол түркі тілдес және көшпенді халықтарды қоса алғанда көптеген мәдениетте таза нұр мен өмірдің шабыт пен жемісті еңбектің, мақсатқа ұмтылушылық пен биліктің нышаны ретінде қабылданған. Банкноттың төменгі жағында ортада «Мәңгілік ел» салтанатты аркасының суреті — еркін елдің мәңгілік идеясы, жалпыға ортақ қазақстандық үйдің ұлттық идеясы, сәулет құрылысы тұрғысынан бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елт аңба және ту. Сол жақта төменде және сол жақ жоғарғы жартысында номиналдың сандық бе лгілеуі басылған, сол жақта ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — сұр-көгілдір.
Сырт жақтың негізгі бейнелері: банкноттың ортасында Қазақстан картасының контуры және Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттарымен елорда Астананың көрінісі. Сол жақ төменде, оң жақ жоғарыда және ортада ба нкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменгі ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 20000       Материалдар: Субстрат:
– Композитті құрылым 3 қабаттан тұрады: қағаз-полимер-қағаз. «Durasafe®» «Landquard» швейцариялық банкнот фабрикасының полимері.
Қорғаныш жіптері:
– түсін қызылдан жасылға өзгертетін, металсыздандыру элементтері және флуоресцентті қасиеті бар түс ауыстыратын әсерімен ені 5 мм сүңгуір жібі;
– магнитті қасиетімен ені 0,8 мм машина арқылы оқуға болатын жіп. «Spark®» элементі — банкноттың бет жағында пырақ түрінде орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі жасыл түстен алтын түске ауысады.