Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / Өнімнің қорғаныс элементтері

Өнімнің қорғаныс элементтері

Су белгісі

1.Су белгісі - жүргізбелі жарықта ғана байқалатын қорғаныс элементі:

1.1. локальды - қағаздағы кескін бір белгіленген жерде орналасқан. Осы жердегі қағаз бояусыз таза күйінде қалады.
1.2. жолақты - қағаздағы жарық немесе күңгірт сурет алмастырмалы түрде қатарлас немесе бірінің үстіне бірі орналасқан, бірақ барлығы бір бейне.

Қорғанысты жіп

2. Қорғанысты жіп – жүгіртпелі жарықта байқалатын қағаз құрамындағы полимерлік материалдың жіңішке жолағы:

2.1. тұтас жіп - қағаз бойына толық салынған жылтыр жолақ, ол көрінуі де көрінбеуі де ықтимал, бірақ жүгіртпелі жарықта аңғаруға болады.
2.2. «жүзбелі» жіп - пунктир түрінде қағаз бетіне орналасқан жолақ.

Микробаспа немесе микромәтін

3. Микробаспа немесе микромәтін - ұлғайтқыш шыны арқылы ғана бірнеше есе өсіргенде көрінетін символдар мен мәтіндердің жиынтығы. Позитивті микромәтін ақ бетке қара әріптер немесе символдар салумен, ал негативті микромәтін қара бетке ақ әріптер мен символдар салумен ерекшеленеді. Әріптер мен символдар 0,12 мм –ден 0,25мм дейін болуы мүмкін.

Қосарлама кескіндер дегеніміз

4. Қосарлама кескіндер дегеніміз - жүгіртпелі жарықта бір-бірімен дәл келіп, тұтас бейнені беретін бет жағы мен астарына басылған кескіндік фрагменттер немесе суреттер.
Көбінесе мұндай кескіндер купюраның екінші бетіндегі суретінің боялған бөліктері есебінен түсті болып көрінеді.

Құбылмалы түсті кескіндер

5. Құбылмалы түсті кескіндер - нысанға жарық беру бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін немесе көрінбейтін кескіннен боялған бейнеге айналатын қорғаныс элементі:

5.1. OVI (Optically variable ink)-оптико-переменная краска, изменяет свой цвет от пурпурного до желто-зеленого цвета в зависимости от угла зрения;
5.2. выполненные иридесцентной краской (в виде полосы или отдельных символов);
5.3. металлизированная краска-краска, обладающая «металлическим» блеском.

Латентті (жасырын) кескін

6. Латентті (жасырын) кескін - үшкір бұрышпен сурет үстіне жарық түсіргенде көрінетін бейне.

Терезе

7. Терезе - бұл банкноттағы көрінбелі полимерлі пленкамен көмкерілген саңылау, оған кескін, ою және т.б.оптикалық белгілемелер салынып, сосын қағазға енгізілген.

7.1. Varifeye – банкноттағы саңылау маңайына қағаздың ұстап тұруы үшін енгізілген айрықша оптикалық ерекшелігі бар пленка.

Бояусыз ою

8. Бояусыз ою – түссіз рельефтік кескін қағазға бояусыз енгізіледі, қолмен ұстағанда саусаққа сезілетін бедер арқылы білінеді.

Фольгамен ою салу

9. Фольгамен ою салу - металдандырылған және голографиялық пленка арқылы (фольга) қағазға енгізілген кескін немесе оған ойма салу.

УФ сәулелі кескін

10. УФ сәулелі кескін - ультракүлгін сәуле түсіргенде әртүрлі түсті беретін көрінбейтін кескін.

Интаглиолық баспа

11. Интаглиолық баспа (терең немесе металлографиялық) - кескіндік элементтер қағаз бетіне қалың бояу есебінен шығып, саусақпен басқанда аңғарылатын басу тәсілі. Интаглиолық басу тәсілі арқылы суреттің айқындығы және дәлдігіне көз жеткізіледі

Қалыңдығы өзгермелі әртүрлі бағытты сызықтар

12. Қалыңдығы өзгермелі әртүрлі бағытты сызықтар - бұлар әртүрлі бұрыш арқылы біріктірілген сызықтар топтамасы, қалыңдығы өзгеретін тұстарында әріптер немесе жекелеген бейнелер кескінделген.

Иристі бояма

13. Иристі бояма - бояулардың араласуы нәтижесінде бір түстің екінші түске біртіндеп көшуі. Бұл ретте, бояудың көшу шегі білінбейді.

Көшірмелеуге қарсы әсер

14. Көшірмелеуге қарсы әсер - қара-ақ түсті, түрлі-түсті көшірмелеу арқылы жасанды банкнот жасаудан қорғайтын қолданысты элементтің бірі. Қорғаныстық тәсіл сызықтар, бояулар арқылы іске асырылады.

Гильоширлі элемент

 

15. Гильоширлі элемент - күрделі геометрикалық фигуралар (торламалар, бордюрлер, розеткалар, бұрыштар, виньеткалар) жасайтын бір-бірімен үздіксіз қиылысқан жіңішке сызықтар.

Гильоширлі элементтерден жасалған жасалған композицияны сызық жолағының үздіксіз өзгерісі мен өте жіңішкелігі (0,04-0,07мм дейін) салдарынан көбейткіш аппаратқа түсіру қиын.

Интаглио басылым арқылы шығарылған гильоширлі композицияны қайталау мүмкін емес.