Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / Қорғаныстың полиграфиялық тәсілдері

Қорғаныстың полиграфиялық тәсілдері

Банкнот фабрикасы қандай да болмасын басқа бір банкнот фабрикасы немесе коммерциялық типография шығара алмайтын 100 түрлі баспалық өнімді дайындайды. Банкнот фабрикасы шығаратын баспалық өнімнің әрқайсысында жасырын сипатты көптеген қорғаныстық белгілер бар. Оларды анықтау үшін мамандарға ғана белгілі құралдар мен сынақтар жүргізілуі шарт. Осы шаралардың арқасында фабрика сарапшылары қолдан жасалған құжаттарды шығарушылардың қандай тәсілді қолданғандықтарына қарамастан, өз өнімінің түпнұсқалығын дәл анықтай алады.

Қазіргі кезеңде әлемдік іс-тәжірибеде категория бойынша қорғаныстық дәрежеге бөлу іске асырылады. 

Бірінші категория бойынша қандай да болмасын жабдықты пайдаланбай, қорғаныс дәрежесін тұтынушыға анықтау мүмкіндігі берілген. Мұндай қорғаныстық дәрежені анықтау жөнінде әрбір тұтынушыға жалпыға бірдей тәртіпте мәлімделеді. Қорғаныстық технологиялар жөнінде өткізілетін әртүрлі конференцияларда осы категориялы қорғаныстық белгілерді одан әрі дамыту және баспалық өнімдердегі олардың мөлшерін арттырудың жалпы әлемдік басымдыққа ие болып отырғаны жайлы кең әңгімеленуде. 

Екінші категория – бұл лупа, ультракүлгінді лампа, химиялық қарындаштар және т.б. сияқты жай бақылаулық жабдықты пайдалану арқылы баспалық өнімнің қорғаныстық дәрежесін анықтау.Мұндай қорғаныс дәрежесі негізінен қолында күрделі жабдығы жоқ көзі қарақты тұтынушы, кассирлер қолданысы үшін қызмет етеді. Өнім сапасына көз жеткізу үшін мысалы, кассаларда, сауда нүктелерінде жоғарыда аталған бақылаулық жабдықтардың қолда болғаны орынды.

Үшінші категория дегеніміз тексеретін мамандар ғана арнаулы жабдықтар, іріктеу машиналары, сканерлер және басқа да құралдарды пайдалану арқылы өнімнің осы дәрежелі қорғанысын анықтау. Мұндай қорғаныс дәрежесін анықтау бақылау мекемелерінің қызметкерлері және өнімнің түпнұсқалығын анықтайтын сарапшылар үшін ғана мүмкін.

Төртінші категория - криминалистикалық лабораториялардың кәсіби шеберлігі жоғары мамандары ғана анықтау алатын қорғаныс белгілері.

Бүгінгі күні Банкнот фабрикасында жоғарыда аталған категорияға қатысты элементтер енгізілген барлық баспалық өнімдерді шығару мүмкіндігі берілген жабдықтары мен технологиялар бар.