Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / "САМҰРЫҚ" СЕРИЯСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ

"САМҰРЫҚ" СЕРИЯСЫНЫҢ БАНКНОТТАРЫ

 

2012 жылғы 10000 теңге

 

2011 жылғы 5000 теңге

Атауы: «Қазақ елі» монументі
Номиналы: 10 000 теңге
Өлшемі (мм) 149 х 79
Шығарылым жылы: 2012 жыл. Айналыста 2012 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер.
Басым түстер: көк және күлгін. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елтаңба және ту. Сол жақ төменде және жоғарыда номиналдың сандық белгілеуі, ортасында мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы сол жақ бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Сол жақта төменде, оң жақ жоғарыда банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал ортаңғы төменгі жақта — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы сол жақ бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 10000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 100 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «СтрайпХром»® қорғаныш жібі (қабыршық қағаз), Президенттің қолтаңбасымен көмескі
өрнектеу әдісімен енгізілген элементімен, ені 6 мм.
– «Оптикс™» қорғаныш жібі, ашықтық саңылауда «1000» номиналының сандық бейнесімен
және суретімен металсыздандырылған полимерлі жолақ, ені 18 мм.
«Spark®» элементі — банкноттың бет жағында оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін
бояумен орындалған, стильденген көгершіннің суреті, түсі: жасыл-алтын.
    
Атауы: Орерри
Номиналы: 5000 теңге
Өлшемі (мм) 144 х 76
Шығарылым жылы: 2011 жыл. Айналыста 2011 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер мен барыс. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елтаңба
және ту. Сол жақ төменде және жоғары жақта номиналдың сандық белгілеуі, ортада мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: қызыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Іле Алатауы таулары айналасында, Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі ғимараты. Сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы орта тұсында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 5000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, PORTALS, Англия.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «5000» мәтінімен және теңге рәмізімен «Depthc™» сүңгуір жібі ені 6 мм;
– құстың, алманың және номиналдың бейнесімен ені 14 мм голографиялық жолақ. Dual Image
™ и Filigre™ екі есе суреті.
«Spark®» элементі — банкнот ортасының бет жағында Барыстың қанаты түрінде, «5000»
номиналдың сандық бел гілеуімен, оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін бояумен
орындалған, бұрышының өзгерткенде түсін жасылдан алтын түске дейін өзгерумен орналасқан.
Иридесценттік элемент:
– Барыстың жолақтық суреті екі есе бекітілген иридесцентті бояумен орындалған.

 

 

 

2013 жылғы 2000 теңге

 

 

 

 

2014 жылғы 1000 теңге

Атауы: Жасыл толқын
Номиналы: 2000 теңге
Өлшемі (мм) 139х73
Шығарылым жылы: 2012 жыл. Айналыста 2013 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба және ту. Банкноттың төменгі бөлігінде түс алмасушы бояумен басып шығарылған киіктің суреті. Сол жақ төменде және жоғарыда мемлекеттік тілдегі номиналдың сандық белгілеуі. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жоғарғы сол жақ бұрышында. Басым түстер: қою және ашық жасыл.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Ертіс өзенінің суретімен Қазақстан Республикасы картасының контуры. Оң жақ жоғарғы бөлігінде номиналдың, стильдендірілген киіз үйдің суреті және мемлекеттік тудың фрагменті бар ені 13 мм голографиялық жолақ. Сол жақ төменде, оң жақ жоғарыда банкнот номиналының сандық белгілеуі, төменгі ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 2000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, Papierfabrik Louisenthal GmbH, Германия
Қорғаныш жіптері:
– Multi Code™ машина арқылы оқуға болатын «Color Shift» сүңгуір жібі (металсыздандырылған
мәтінмен және алтын түстен жасылға өзгеруімен), ені 4 мм.
Голографиялық қабыршық қағаз:
- белгіленген металсыздандырылған, голографиялық қорғаныш қабыршық қағазы, ені14 мм.
Иридесценттік элемент:
– Киіктің жолақты суреті:
«Spark®» элементі — киік суреті түріндегі элементі OVMI® оптикалық өзгеретін бояумен
орындалған, бет жағын ың төменгі ортасында орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын
өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.
 
 
 
 
Атауы: Эдельвейс
Номиналы: 1000 теңге
Өлшемі (мм) 134х70
Шығарылым жылы: 2014 жыл. Айналыста 2014 жылдан
Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба және ту бейнеленген. Сол жағында төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың сандық белгісі, ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жоғарғы сол жақ бұрышта. Басым түстер — сары және қоңыр.
Сырт жағының негізгі бейнелері: Үстірт шоқысы, Батыс Қазақстан, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Төменгі сол жақ, жоғарғы оң жақта банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі.
Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 1000
Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен, 90 г/м2, Papierfabrik Louisenthal GmbH, Германия
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– Multi Code™ машина арқылы оқуға болатын «RollingStar®» сүңгуір жібі (металсыздандырылған
мәтінмен және алтын түстен жасылға өзгеруімен), ені 4 мм.