Қоңырауыға тапсырыс

Жіберу Жабу

Вернуться назад

Басты бет / ТЕСТ БАНКНОТ КӨРІНБЕЙТІН АДАМ

ТЕСТ БАНКНОТ КӨРІНБЕЙТІН АДАМ

Атауы: Көрінбейтін адам
Өлшемі (мм): 158х78
Шығарылым жылы: 2015 жыл
Бет жағының негізгі бейнелері: шылым трубкасының түтінінен пайда болатын көрінбейтін
адамның портреті. Банкноттың бет жағының айналасы көптеген ұсақ бейнелерден тұрады:
формула, физикалық сызбанұсқа, иілген сызықтар, сәндік өрнектер. Жоғарғы бөлігінде ашық
қалпақ, бетперде, сағат және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі.
Оның астында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы. Төменде «INVISIBLE
MAN» жазуы және Банкнот фабрикасының атымен логотип. Басым түстер: көгілдір және күлгін.
Сырт жағының негізгі бейнелері: мистер Гриффиннің басы (көрінбейтін –адам), револьвер,
бетперде және мысық (бояу ауыстыратын бояумен бейнеленген). Төменгі бөлігінде новелладағы
әрекет болып жатқан ағылшын ауылының төңкерілген бейнесі және осы оқиғадағы әрекет етіп
жатқан тұлғалар.
Сутамғы белгі: Мысықтың бейнесі және электротип: шыны бөтелке
Материалдар: Субстрат «Durafort®»:
– композитті банкнот құрылымы 3 қабаттан тұрады: қағаз-полимер-қағаз. Қағаздың 2 жақты
әртүрлі реңкі болады. Бір жағынан ақ негізіні бар, ал екінші жағынан — көгілдір, 100г/м2, «Landqart
», Швейцария;
– «Irisafe®» — көгілдір қабатқа енгізілген микро қиықтан құрамдастырым;
– «Spark»® — ашық алмасушы түстердің көмегімен анық динамикалық нәтиже жасалады;
– «Sicpatalk®» ж әне «Neomag®» — Машина оқитын элементтер. «Sicpatalk®» инфра күлгін
жарықта көріне б астайды, «Neomag® » элементте инфра қызыл сәулені өткізетін және түсін
сақтап қалатын арнайы магнитті пигменттері бар.
Қорғаныш жіп:
– адамның табанының, қалпақтың және мысықтың көздерінің таңбасы бейнесімен, ені 2 мм
жіп.