"Самұрық" сериясының банкноттары

2012 ЖЫЛҒЫ 10000 ТЕҢГЕ

2012 ЖЫЛҒЫ 10000 ТЕҢГЕ 2012 ЖЫЛҒЫ 10000 ТЕҢГЕ

Атауы: «Қазақ елі» монументі

Номиналы: 10 000 теңге

Өлшемі (мм) 149 х 79

Шығарылым жылы: 2012 жыл. 

Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер.

Басым түстер: көк және күлгін. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елтаңба және ту. Сол жақ төменде және жоғарыда номиналдың сандық белгілеуі, ортасында мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы сол жақ бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.

Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Сол жақта төменде, оң жақ жоғарыда банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал ортаңғы төменгі жақта — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы сол жақ бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 10000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;

–  Президенттің қолтаңбасымен көмескі өрнектеу әдісімен енгізілген элементімен, ені 6 ммқорғаныш жібі (қабыршық қағаз).

– ашықтық саңылауда «1000» номиналының сандық бейнесімен

және суретімен металсыздандырылған полимерлі жолақ қорғаныш жібі.

«Spark®» элементі — банкноттың бет жағында оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін

бояумен орындалған, стильденген көгершіннің суреті, түсі: жасыл-алтын.

 

2011 ЖЫЛҒЫ 5000 ТЕҢГЕ

2011 ЖЫЛҒЫ 5000 ТЕҢГЕ 2011 ЖЫЛҒЫ 5000 ТЕҢГЕ

Номиналы: 5000 теңге

Өлшемі (мм) 144 х 76

Шығарылым жылы: 2011 жыл. 

Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер мен барыс. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елтаңба

және ту. Сол жақ төменде және жоғары жақта номиналдың сандық белгілеуі, ортада мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.

Басым түстер: қызыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Іле Алатауы таулары айналасында, Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі ғимараты. Сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы орта тұсында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 5000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;

– «5000» мәтінімен және теңге рәмізімен сүңгуір жібі;

– құстың, алманың және номиналдың бейнесімен ені 14 мм голографиялық жолақ суреті.

«Spark®» элементі — банкнот ортасының бет жағында Барыстың қанаты түрінде, «5000»

номиналдың сандық бел гілеуімен, оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін бояумен

орындалған, бұрышының өзгерткенде түсін жасылдан алтын түске дейін өзгерумен орналасқан.

Иридесценттік элемент:

– Барыстың жолақтық суреті екі есе бекітілген иридесцентті бояумен орындалған.

 

2013 ЖЫЛҒЫ 2000 ТЕҢГЕ

2013 ЖЫЛҒЫ 2000 ТЕҢГЕ 2013 ЖЫЛҒЫ 2000 ТЕҢГЕ

Номиналы: 2000 теңге

Өлшемі (мм) 139х73

Шығарылым жылы: 2012 жыл.

Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба және ту. Банкноттың төменгі бөлігінде түс алмасушы бояумен басып шығарылған киіктің суреті. Сол жақ төменде және жоғарыда мемлекеттік тілдегі номиналдың сандық белгілеуі. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жоғарғы сол жақ бұрышында. Басым түстер: қою және ашық жасыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері: Ертіс өзенінің суретімен Қазақстан Республикасы картасының контуры. Оң жақ жоғарғы бөлігінде номиналдың, стильдендірілген киіз үйдің суреті және мемлекеттік тудың фрагменті бар ені 13 мм голографиялық жолақ. Сол жақ төменде, оң жақ жоғарыда банкнот номиналының сандық белгілеуі, төменгі ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі.

Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 2000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– металсыздандырылған мәтінмен және алтын түстен жасылға өзгеруімен, ені 4 мм сүңгуір жібі 

Голографиялық қабыршық қағаз:

- белгіленген металсыздандырылған, голографиялық қорғаныш қабыршық қағазы, ені14 мм.

Иридесценттік элемент:

– Киіктің жолақты суреті:

«Spark®» элементі — киік суреті түріндегі элементі OVMI® оптикалық өзгеретін бояумен

орындалған, бет жағын ың төменгі ортасында орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын

өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.

 

2014 ЖЫЛҒЫ 1000 ТЕҢГЕ

2014 ЖЫЛҒЫ 1000 ТЕҢГЕ 2014 ЖЫЛҒЫ 1000 ТЕҢГЕ

Номиналы: 1000 теңге

Өлшемі (мм) 134х70

Шығарылым жылы: 2014 жыл. 

Бет жағының негізгі бейнелері: «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба және ту бейнеленген. Сол жағында төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың сандық белгісі, ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жоғарғы сол жақ бұрышта. Басым түстер — сары және қоңыр.

Сырт жағының негізгі бейнелері: Үстірт шоқысы, Батыс Қазақстан, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Төменгі сол жақ, жоғарғы оң жақта банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі.

Сутамғы белгі: «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 1000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;

– металсыздандырылған мәтінмен және алтын түстен жасылға өзгеруімен, ені 4 мм сүңгуір жібі

 

2017 ЖЫЛҒЫ 500 ТЕҢГЕ

2017 ЖЫЛҒЫ 500 ТЕҢГЕ 2017 ЖЫЛҒЫ 500 ТЕҢГЕ

2017 жылғы 22 қарашада айналысқа жіберілді.

Банкноттың өлшемі – 130х67 мм.

Бет жағында: негізгі бейнелер – банкноттың оң жағындағы «Қазақ Елi» монументі және ортасында төменгі бөлікте ұшып бара жатқан көгершіндер. Жоғары бөлігінде ортасында және сол жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жағында төменде және жоғарыда номиналдың цифрлық бейнеленуі, сол жақта ортасында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік бейнеленуі орналасқан. Жоғары сол жақ бұрышында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба, оның астында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазба орналасқан. Сырт жағында: негізгі бейнесі – Каспий теңізі, оның артында – Қазақстан картасының бейнесі. Сол жағында төменде және оң жағында жоғарыда банкнот номиналының цифрлық бейнеленуі, ал төменде ортасында – орыс тіліндегі әріптік бейнеленуі орналасқан. «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазба банкноттың сол жақ бұрышында орналасқан.

 

Тапсырысты рәсімдеу Тапсырысты рәсімдеу

“ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ” РМК

Біздің мекен-жайымыз

050061, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4

ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ

Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-34
+7 (727) 381-98-35

Факс: +7 (727) 381-98-44

Электронды пошта: mail@bf-rk.com