Жомарт КАЖЫМҰРАТОВ: «20 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ ӘЛЕМДІК ВАЛЮТА ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ»

Баннер Баннер

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНДІРЕДІ, ӘҢГІМЕЛЕЙДІ I24. 04. 2012I 875, I-бет I ТАБЫС ТАРИХЫ I Алевтина ДОНСКИХ I Алматы Жомарт КАЖЫМҰРАТОВ: «20 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ ӘЛЕМДІК ВАЛЮТА ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТЕР ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ» Қазақстанның Банкнот Фабрикасы - әлемнің 78 банкнотшыларының бірі, ол бірінші кезекте өз елін, ара-тұра басқа елдерді ақшамен қамтамасыз етеді. Бұл - көп ғасырлық, бай тарихы бар және басып шығарылған ақшаларының көлемі зор қуатты өндіріс. Қазақстандық банкнот кәсіпорны – осы жылғы мамырда өзінің жиырма жылдығын атап өтетін ең жас мекеменің бірі. Ол – осы сала бойынша барынша жабдықталған және қазіргі замандық өндіріс орны. Қазақстан Банкнот Фабрикасының тарихы терең болмағанымен, оның кәсіби ортадағы беделі жоғары, ал өнімі - қазақстандық теңге кәсіби форумдарда және конкурстарда бірнеше мәрте әлемдегі жоғары технологиялық өндіріс туындысы деп танылған. Қазақстандық банкнот кәсіпорнының 20 жыл ішінде қалай беделге ие болғандығы және қандай даму жолдарынан өткендігі жайлы «Банкнот фабрикасы» РМК Директоры Жомарт Қажымұратов мырза әңгімелейді. БЕТБҰРЫС – Жомарт Төлегенұлы, көптеген мемлекеттер бұл өндіріс өте көп қаражатты қажет ететін іс деп банкнот фабрикасын құруға тырыспайды және шығынды деп есептейді. Тәуелсіздігі қарсаңында Қазақстан оны құру жөнінде шешім қабылдады. Оның негізі не және қандай міндеттер қойылды? – Расында, әлемде 200-ден астам ел бар, бірақ соның ішінде шамамен 50 елдің өзінің мемлекеттік ұлттық фабрикалары бар. Әрине, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің банкнот фабрикасының болуын қалайды. Екінші мәселе, кез-келген мемлекеттің оған мүмкіндігі жоқ, себебі, ол үшін озық технологиялары, тұрақты экономикалық базасы, қазіргі заман талабына сай жабдығы, жеткілікті мамандар ресурсы, реттелген сыртқы экономикалық және дипломаттық қарым-қатынастары болуы тиіс. Осыған орай бастапқыда басшылық қабылдаған даму стратегиясы мен оны іске асырудағы табандылық маңызды рөл атқарды. Себебі, өзінің банкнотын және монета шығаратын өндірісін құру - бұл саяси шешім. Осы жерде біздің Президенттің көрегендігін мойындау қажет, ол сол уақыттағы тарихи ауыр кезеңге қарамастан, осы міндетті іске асыруға 90 жылдары қадам басқан болатын. Мемлекет осы маңызды мәселенің жеңіл-желпі аспектілері жоқ деп санайды, өйткені ұлттық валюта – мемлекеттік егемендік атрибуттарының бірі. Сондықтан, 20 жыл бұрын 90-жылдардың саяси оқиғалары КСРО-ның тарауына, ақша-несиелік қатынастардың ыдырауына алып келді, ал Ресейдің ескі рубльдерінің қаптап кетуі салдарынан гиперинфляция қауіп төндірді. Осы тұста Ел басы қабылдаған жеке банкноттық өндірісті құру туралы шешім жас республиканың тарихындағы маңызды бетбұрыс болды. Менің ойымша, мұнан соңғы барлық жетістіктер, болашаққа есептелген маңызды жоспарлар, біздің елді әлемдік қоғамдастықтың тануы - бұл Қазақстанның алғашқы қалыптасқан күннен бастап барлық жағдайда тәуелсіз болуға тырысқан, біліктілікпен таңдап алған саясатының нәтижесі. Соның дәлелі - жеке валюта өндірісін жолға қою. Бүгін, нық әрі тұрақты теңге қазіргі замандық, өркениетті Қазақстанның өкілетті карточкасы атанды, мұның әрине, ауыр, бірақ жалғыз ғана дұрыс шешім екендігін ашып айтқан жөн. Ол елді дамудың жаңа жолына алып шықты, тұрақты нарықтық экономиканы құруға бағытталған құрылымдық өзгерістерді жеделдетті, саяси картада алғаш көрінген егеменді Қазақстанға жеке тәуелсіз саясатты жүргізуге мүмкіндік берді. ЖОҒАРЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА – «Банкнот фабрикасын» салу идеясы - бұл кез-келген мемлекет үшін дербес жоба. Сол себепті, оған сенбеушілердің аз болмағаны белгілі. Дегенмен, жоба іске асырылды… – Сол уақытта барлық бұрынғы кеңестік республикалар үшін күрделі кезеңде Қазақстан өзінің жеке валютасын енгізеді және оған қосымша, өзінің банкнот фабрикасын салады деп сенгендер аз болды. Келешекке сенімсіз қараушылар саны көп болды. Қазір, 20 жыл өткеннен кейін, әйгілі дизайнымен және лайықты жетістіктерімен және өзінің қайталанбас тарихымен біздің теңге бүкіл әлемде жоғары бағалануда, Қазақстанның ұлттық валютасын айналысқа жіберу және банкнот фабрикасын салуға қатысты түсінікті скепсисті қазір күлкімен еске алуға болады. Ал, ұлттық валютаны қысқа мерзім ішінде ендіру және шығару туралы стратегиялық шешім Қазақстанның экономикалық және қаржылық тәуелсіздігіне жасаған қадамының бірі екендігіне ешкім дау айтпады. Елдегі жалғыз мамандандырылған полиграфиялық кәсіпорын - Банкнот фабрикасының құрылуы осы тарихи жағдаймен байланысты. Тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша маңызды, нысаналы шешім қабылданғаннан кейін осы бағытта жұмыс басталды. Алғашқы кезеңде, жоғары құпиялылық жағдайында жоғары білікті қазақстандық дизайнерлер Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағмысалы Дүзелханов және Қайролла Ғабжәлелов ұлттық валютаның дизайнын жасауға кірісті. Аз уақыт ішінде осы шығармашылық синклит жаңа ақша бірлігінің алғашқы үлгілерін және нұсқаларын ұсынды. Қазақстандық банкнотты құру және қалыптастыру тарихын талдай отырып, жетістік кепілі болған ортақ үрдісті атап өту міндетті: дизайнды әзірлеуден басталған жобалық үлгі бойынша басты назар банкнот ісіндегі үздік технологиялар мен соңғы жетістіктерге аударылды. Қазақстанның дамуындағы тарихи аспектілерді, оның ерекшелігін, көп ғасырлы мәдениетін, этимологиясын меңгергеннен кейін валютаны «теңге» деп атау идеясы туындады. Сонымен қатар банкноттар жасалатын қажетті база құрылды. Фабрика мамандары әртүрлі елдердегі өндірісті салу және ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеп, оқып-үйренді. Банкнот фабрикасының тарихы басталған кезең Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 26 мамырдағы «ҚРҰБ Баспа фабрикасын құру» туралы жарлығы болды. Осы жылдың 30-маусымында ҚР Министрлер Кабинеті «Алматы қаласының «Кітап» өндірістік бірлестігінің бос алаңдарында ұлттық валютаны өндіру кешенін құру туралы» қаулыны қабылдады. Жабдықтарды монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарының бас мердігері ретінде «Даниель Ферри» француз фирмасы таңдап алынды. 1993 жылғы маусымда егеменді Қазақстанның тарихындағы алғашқы бағалы қағаздарды өндіру цехы іске қосылды. Мұнда тиындар купюрамен басып шығарылды. Қаулы қабылданған күннен бастап алғашқы желіні іске қосқанға дейін бір жылға жетпейтін уақыт өтті. Осы ел тарихындағы айтулы оқиғаның биыл жиырма жылдығын атап өтпекшіміз! «ДАЙЫН» БАНКНОТТАР... – Қай кезеңнен бастап теңге басып шығарылды, ақшаны жасау және басып шығару жұмыстарының барлығы банкнот фабрикасында іске асырыла ма әлде қандай да бір операциялар шетелде жүргізіледі ме? – Банкноттарды өндіру бойынша жеке базаны құру мәселесін тездетіп шешу қажет болды, себебі оларды шетелде басып шығару экономикалық жағынан тиімсіз болды. Банкноттарды шығару бойынша отандық кәсіпорынды құру үшін серіктес ретінде Ұлыбританияның De La Rue компаниясы таңдап алынды, онымен 1994 жылдың басында жабдықтарды жеткізу және банкноттарды «дайын» күйінде шығару технологиялары туралы келісім-шарт жасалды. Қысқа мерзім ішінде Банкнот фабрикасына барлық қазақстандық банкноттарды басып шығару өткізілді. Басып шығару сапасы, дайындау мерзімі және басқа да сипаттамалар бойынша қазақстандық банкнотшылар өздерінің британдық әріптестерінен озбаса, қалыспады. 1993 жылғы үлгідегі теңге - бұл қазақстандық, британдық және швейцариялық өндірушілердің бірігіп жасаған алғашқы туындысы болды. «1», «3», «5», «10», «20» және «50» теңге номиналындағы алғашқы банкноттар Англия кәсіпорындарында шығарылды. Ал, 1995 жылғы 19 мамырдан бастап, барлық номиналдарды басып шығару Қазақстанның Банкнот фабрикасы өз жауапкершілігіне алды. Сондықтан, Ел Басы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР ҰБ Банкнот фабрикасының ресми түрде салтанатты ашылуы - кәсіпорын толық жұмыс режиміне көшкен кезде, яғни 1995 жылғы 19 мамырда өткізілді. Сол уақыттан бері, банкноттарды өндіруге байланысты барлық процесс – басып шығару алдындағы дайындықтар, тікелей басып шығару жұмысынан бастап дайын банкноттарды қаттауға дейінгі теңгенің өндірісін - Банкнот фабрикасы іске асырады. Қазір шетелден эксклюзивті қажетті материалдар: қорғанысты қағаз бен бояулар жеткізіледі. Кейбір дизайнерлік және техникалық шешімдерді толық қарастыру, талқылау және талдау осы жеткізуші-компаниялармен бірігіп жүргізіледі. Осылайша, ұлттық валютаның банкноттарын шығаруға қажетті жұмыс көлемінің 90% -нан астамы елімізде жүзеге асырылады. БАРЛЫҚ ҚОРҒАУ ДӘРЕЖЕЛЕРІ – Қазіргі уақытта кәсіпорынның техникалық мүмкіндіктері қандай? – Банкнот фабрикасы баспа өнімдерінің дизайнын әзірлеумен және дайындаумен айналысады. Банкноттармен қатар, біз бағалы қағаздар атауларының толық тізімін өндіреміз, олар: акциялар, вексельдер, лицензиялар, облигациялар, сертификаттар. Сондай-ақ, фабрика төлқұжаттардың бланкілерін және төлқұжаттық құжаттамаларды, визалық жапсырмаларды, ID-карталарды, пластикалық негіздегі құжаттарды, әскери билеттерді, туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы куәліктерді, аттестаттарды және білім беру куәліктерін, дипломдарды және бірқатар қатаң есепке алынатын басқа да өнімдердің бланкілерін дайындайды. Банкнот цехының үздіксіз қызметі нәтижесінде ұлттық валюта - теңгені шығару реттелді және жетілдірілді. Бүгінгі күні банкноттарды басып шығарғанда іс жүзінде әлемде қолданылатын барлық қорғау технологияларын және элементтерін қолданамыз. Соның ішінде - интаглио басып шығару; екі жағы үйлесімді элементтер ізін басып шығару; бірегей өзгешеліктерімен, (оптикалық, магниттік) қорғау және пайдалану қасиеттерімен ерекшеліктері бар бояулар; голографиялық элементтер; ультразамандық қорғанысты жіптер. Жасанды өнімдерден полиграфиялық өнімдерді қорғау үшін Банкнот фабрикасы қорғау элементтері үйлестірілген және қорғанысты бояу енгізілген арнаулы қағазды қолданады. Бұл қағаздар мен бояулар Банкнот фабрикасы үшін жеке өндіріледі және басқа елдерге берілмеуіне кепілдендіріледі. Біз қорғанысты басылымға арналған материалдарды өндіретін көптеген компаниялармен – әлемдегі көшбасшылармен ынтымақтастықтамыз. Соның ішінде, SICPA компаниясымен - банкноттар мен қорғалған баспа үшін бояуларды өндірушілермен. Әлемнің шамамен 90% банкноты осы компанияның бояуларымен басылған. КВА NOTA SYS компаниясымен – банкноттарды өндіретін жабдықтардың толық спектрінің әлемдегі жалғыз өндірушісімен бірігіп әрекет етеміз. Біздің бұрынғы серіктес – банкнот басуға арналған қағазды және материалдарды өндірумен және жеткізумен айналысатын әлемдегі ірі банкнот өндірушілер - әйгілі De La Rue және Gieseke&Devrient фирмалары. Arjo Wiggins Компаниясы –қорғалған өнімдер және банкноттар үшін арнайы қағазды өндірушілердің бірі, ірі өндіріс орны – біздің фабрикамен жұмыс істейді. Сондай-ақ, компания әлемде қорғалған өнімдерді өндіру және бақылау және брендті қорғау саласындағы дайын шешімдерді әзірлеуші және жеткізуші ретінде кеңінен танымал. JURA компаниясы – банкноттардың дизайнын және қорғанысты өнімдерді дайындау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудегі және жеткізудегі көшбасшы. Қазіргі уақытта Банкнот фабрикасын Master Card Worldwide, Visa International халықаралық төлем жүйелерімен және GSM өндірушілердің қауымдастығымен сертификаттау мәселесі қарастырылуда. Бұл Қазақстанда халықаралық жүйелердің банктік карточкаларын және GSM карточкаларын шығаруға мүмкіндік береді. ЖАҢАРУДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҒЫ – Бұрынғы жоспарлар бойынша, яғни 2012 жылдан бастап фабриканың жыл сайын 1 миллиард данаға дейін банкноттар шығаруды жоспарлағаны есімде! Шындығында, бүгінгі күні кәсіпорынның өнімділігі, жұмысының және дамуының негізгі бағыты қандай? – Әлемдік тәжірибеде қолданылатын қорғау сипаттамаларының кең спектрімен өнімдерді өндіру прогресін және өнімдерді қорғау бойынша жаңа полиграфиялық әдістердің барлық санаттарын басшылыққа алып, Банкнот фабрикасы қазіргі уақытта кәсіпорынды жаңартудың бес жылдық жоспарын іске асыруда. Осы жоспар өндірілетін өнімнің сапасын жақсартуға және тапсырыс берушілердің күннен-күнге артып отырған, сонымен қатар шетелдік әріптестер талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыс аясында жүзеге асырылған кейбір жобаларды атап өтейін. Банкноттарды кесу және орау желісінің ескі моделін жаңа замандық модельге ауыстыру, бұл жоғары өнімділікке ие, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өнімдерді өңдеу сапасын арттырады, қосымша функциялары бар. Қызмет көрсетілуі оңай. Сонымен қатар баспа машиналарында нақты уақыт режимінде баспа процесінің сапасын автоматты бақылауға, басып шығарылған өнімді бақылауға және іріктеуге мүмкіндік беретін банкноттардың сапасын бақылау жүйелері орнатылған. Офсеттік және нөмірлеу баспа машиналарындағы электроника толығымен жаңартылды. Интаглио басапасына арналған шаю ерітіндісін дайындау және тазалау бойынша ескірген жабдық шаю ерітіндісінің 97% пайызына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жаңа технологиясы бар «Hirec» жаңа үлгідегі жабдығымен ауыстырылды. Төлқұжат бөлімшесінде электрондық төлқұжаттардың бланкілерін дайындауға арналған лазерлік перфорациялы жаңа машина орнатылған. Жаңа баспа машиналары сатып алынды және іске қосылды. Интаглио нысандарын жасауға арналған бөлімше қазіргі кезде монтаждау сатысында. Мұның бәрі Банкнот фабрикасына банкноттарды және басқа қорғалған өнімдерді өндірудің толық циклін жүзеге асыруға, шетелдік серіктестерден технологиялық тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі өндірістік мүмкіндігімізді ескерсек, жыл сайын 1 миллиард данаға дейін банкноттарды шығару артық қарбалассыз іске асырыларына кепілдік беремін. 100-ӘЛЕМДІК НОРМАЛАРҒА ПАЙЫЗДЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК – Банкноттармен қатар, фабрикада құжаттар, соның ішінде ұлттық төлқұжаттар және чипті жеке куәліктер басып шығарылады. Бұған қатысты да бірқатар проблемалар туындағанынан да хабардармыз. Бірақ, ұлттық төлқұжаттарға және жеке куәліктерге сұраныстарды қамтамасыз ету мәселелерінің болмауына қарағанда, кәсіпорын оны шешкен сияқты? – Үкіметтің жеке қаулысымен Банкнот фабрикасы төлқұжаттар мен куәліктерді өндіруші ғана емес, сонымен қатар арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерінің 119 атауын жасаушы ретінде бекітілгендігін естеріңізге салайын. Банкнот фабрикасының мамандары Қазақстан Республикасы азаматының жаңа биометрлік төлқұжатының дизайнын әзірлеуге белсене қатысты. Банкнот фабрикасы тарапынан ұсынылған төлқұжат бланкісінің дизайнын еліміздің Президенті қолдады. Банкнот фабрикасы оларды 2008 жылдан бастап басып шығаруда. Қазақстандық биометрлік төлқұжаттардың үлгілері отандық үлгілердің барлық халықаралық нормаларына, талаптарға және техникалық сипаттамаларына 100 пайыздық сәйкестігін растайтын апробациядан сәтті өтті. Апробация халықаралық әуежайлардағы бақылау-өткізу орындарында қолданылатын мамандандырылған анықтаушы және бағдарламалық жабдықтарды жүргізілді. Сонымен қатар апробация бойынша жұмыстар тәуелсіз европалық зертханаларда іске асырылды. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап Банкнот фабрикасында ID-карталарды және пластикалық негіздегі құжаттарды өндіру бөлімшесі іске қосылды және қазіргі кезде ол сәтті жұмыс істеуде. Жеке басты растайтын ұлттық саясатты іске асыру аясында фабрика мамандарымен пластикалық негіздегі электрондық жеке куәліктерді (ID-карталарды) және шетел азаматының тұру құжатын шығару жүзеге асырылды. Бұл Орталық Азия аумағындағы пластикалық негіздегі қорғанысты өнімдердің барлық түрін шығаруға мүмкіндік беретін алғашқы және дара толық циклді өндіріс болып табылады. Әрине, осы өндірісті игеруде Қазақстан үшін ғана емес, барлық Орталық азия аймағы үшін де бірнеше уақытқа созылған өндіріске қатысты мәселелер туындады. Дегенмен, бүгінгі күні бұл бөлімше жетекші европалық өндірушілерден алынған қазіргі замандық құралдармен жабдықталды және процесс толығымен реттелді деп айта аламыз. АҚШАЛАР, МАРКАЛАР, ТӨЛҚҰЖАТТАР - ЭКСПОРТҚА... – Бүгінгі күні Сіздің фабрика – Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын – халықаралық тапсырыстарды орындайды. Бұл бір реттік тапсырыстар ма әлде фабриканың мақсатты стратегиясы ма? – Коммерциялық тапсырыстардың үлесін арттыру және халықаралық нарыққа шығу – бұл біздің стратегиялық мақсаттар. Мұның артықшылығы - тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру және оған қорғанысты өнімдер саласындағы соңғы жетістіктерді ұсынатын ірі полиграфиялық кәсіпорын бола отырып, біз, өзіміздің аймақта ғана емес, шетелде де, соның ішінде батыс европа елдерінде бірегей беделге қол жеткіздік. Осының арқасында соңғы бірнеше жылдың ішінде біз қайталамалы халықаралық тапсырыстарды орындаудамыз. Абырой мәні және әлемге танылу дәлелі - шетелдік, соның ішінде батыс елдері тапсырысшыларының бізге қайталап жүгінуі болып табылады, ал бұл – мінсіз сапаның арқасында ие болған беделдің куәсі. Банкнот фабрикасы үш экспорттық бағытта жұмыс істейді. Бірінші – банкнот өндірісі. Екіншісі – басқа жоғары қорғанысты өнімдер өндірісі. Үшінші - ID-карталарды және пластикалық негіздегі құжаттарды жасау. Яғни, соңғы екі бағыт қатаң бәсекелестік ортада дамуда. – Банкнот фабрикасының нарықтағы бәсекелестік артықшылықтары қандай? – Бірегей жабдықтар, эксклюзивті шығындық материалдар және жоғары білікті қызметкерлерімен қатар, сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында фабриканың басшылығы жетістікке қол жеткізу құралы ретінде сапаны басқару жүйесін жолға қойды. 2003-2005 жылдары Банкнот фабрикасында ISO 9001:2000 бойынша сапа менеджментінің жүйесі әзірленді және енгізілді. Сыртқы аудит нәтижелері негізінде жүйе TUV CERT сертификаттау жөніндегі халықаралық органынан сертификат алды. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Банкнот фабрикасы қолданыстағы СМЖ базасында 2009 жылы сапаны, экологияны және еңбекті қорғауды басқарудың біріктірілген жүйесін енгізді және аталмыш жүйені ISO 9001:2000, ISO 14001:2004, ISO OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бойынша сертификаттады. 2011 жылы Банкнот фабрикасы ISO/IEC 27001:2005 «Ақпараттық технологиялар. Қорғау әдістері. Ақпаратты қорғау менеджментінің жүйелері. Талаптар» ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйелерінің сыртқы сертификатталған аудитінен сәтті өтті. Сәйкесімділік сертификаты «TUV SUD Management Service GmbH» арқылы берілді. Сонымен қатар Банкнот фабрикасында ҚР СТ ISО 9001-2009 негізінде сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді. Біріктірілген басқару жүйесін енгізу мекемеге белгілі пайда келтіреді. Соның ішінде нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді және тұтынушылардың ниеттестігін арттырады. Сондай-ақ, Банкнот фабрикасында батыс мамандарының басшылығымен әзірленген материалдарды және дайын өнімдерді бақылау және есепке алу бойынша жылдар бойы қалыптасқан жүйе жұмыс істейді. Оның арқасында өнімнің және оған қатысты барлық ақпараттың тұтастығына және сақталуына, сондай-ақ, құпиялылығына кепілдік беріледі. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің тапсырысшылар қатарында - республиканың бірқатар министрліктері және ведомствалары, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, сонымен қатар ірі өнеркәсіптік-өндірістік және жеке кәсіпорындар бар және бұл тізім жыл сайын артып келеді. Яғни, қазіргі уақытта біздің бәсекелестік артықшылығымыз: тұрақты технологиялық база, даму барысындағы өндірістік қуаттар, инновациялық амалдар, эксклюзивті материалдар, қауіпсіздік кепілдіктері, құпиялылықты қамтамасыз ету, кез-келген қиындықтарды кешенді шешуді ұсынуға дайындығы, жоғары білікті қызметкерлердің болуы! КАДРЛАР ШЕШІМІ – Банкнот фабрикасы - режимдік кәсіпорын екендігі белгілі, сондықтан қызметкерлерге қойылатын талаптар да өте жоғары. Кадр мәселесі қалай шешілді және шешіліп келеді? – Бүгінгі күні біздің фабрикада 400 астам жоғары білікті қызметкерлер жұмыс істейді, олардың көбісі кәсіпорынды құрған сәттен бастап жұмыс істеп келеді және шетелде алдын-ала шыңдалудан өткен. Жалпы қызметкерлерді іріктеу, жалдау, дамыту және біліктілігін арттыру мәселесі - өте маңызды. Қызметкерлерді іріктеу кезінде барлық аспектілер ескеріледі: біліктілігі, психологиялық тұрақтылығы, дәріс алуы, тез тіл тапқыштығы, рухани күш-қуаты, өзгерістерге икемділігі, ауыртпалықтарға төзімділігі. Кәсіпорын режимдік тәртіпті болғандықтан кандидаттар арнайы тексеруден өткізіледі. Біз жыл сайын қызметкерлерді оқумен қатар, әртүрлі халықаралық конференциялар мен форумдарға жібереміз, бұл оларға іс-тәжірибе алмасуға және қорғалған баспа саласындағы соңғы үрдістер мен жаңалықтардан хабардар болуға мүмкіндік береді. ӘРІПТЕСТІКТЕГІ КҮШ – Фабрика осы саладағы көптеген белгілі кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп келеді. Менің білуімше, бірнеше қызықты шығармашылық және инновациялық жобалар бар. Осы жұмыс жайында әңгімелеп берсеңіз. – Көпшілік «SICPA» компаниясымен әзірленген «SPARK» элементі туралы біледі. Ол алғаш рет ұлттық валютаның 15 жылдығына арналған 5000 теңге номиналды мерейтойлық банкнотта қолданылды. Бұл элементті сарапшылар банкнот өндірісіндегі революциялық шешім деп санайды. Біздің банкнот үлгі ретінде әлемнің 120 банктерінің көрмесіне қойылған. Барселонадағы «Интерграф» конференциясында біз «Марко Поло» баспалық үлгісін таныстырдық, онда болашақта банкноттарда қолдануға жоспарланған «De La Rue» компаниясының жаңа қорғау жібін - «Stripechrome» сынақтан өткізген болатынбыз. Ойлағанымыз сәтті іске асты. 2011 жылы Қазақстанның 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған 10 000 теңгелік номиналды жаңа естелік банкнот айналымға шығарылды, мұнда түсі өзгермелі әсермен жаңа жоғары қорғау жібі қолданылды. «G&D» (Varifeye Magic») компаниясымен әзірленген қорғау жібін Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық болуына орай естелік банкнотты жасауда әлемде алғаш рет қолдандық, сондай-ақ, өзге элементтерді қолдануда да өндірістік тәжірибенің бар екендігін айтуға болады. Еліміздің естелік және тарихи оқиғаларына арналған банкноттарды шығару арқылы біз мемлекетіміздің жаңа тарихи шежіресіне қатысамыз. Бізге оның барлық тарихи кезеңдері жақын әрі маңызды: тәуелсіздікке ие болу, теңгенің мерейтойы, ЕҚЫҰ саммиті, Азиада, ОИК… Бірақ, осыған орай естелік және мерейтой банкноттары - бұл халықпен жаңа элементтерді және дизайнды қабылдауды талдау, яғни бірқалыпты, біртіндеп, «ауыртпалықсыз» қабыл алуға мүмкіндік береді. Қосып айтарым, қазақстандық банкноттарды халықаралық сарапшылар жоғары бағалайды, яғни олар өнер туындысы және қазіргі замандық технологияның үйлесімі ретінде қабылданады. Бұған беделді кәсіпқой форумдарда алынған марапаттар да дәлел. 2007 жылы Бангкоктағы «Currency Conferences» конференциясында Банкнот фабрикасына «Optiks» элементімен 10 000 теңге номиналы үшін «Үздік жаңа банкнот» номинациясы бойынша бірінші орын берілді. 2008 жылы теңгенің 15 жылдығына арналған 5000 теңге банкнотындағы «SPARK» үздік қорғау элементі ретінде бағаланды, сонымен қатар, батыс еуропа сарапшыларының пікірі бойынша біздің бес мыңдық банкнот жалпы банкнот ісіндегі қауіпсіздіктің жаңа әлемдік стандарты ретінде танылды. Сонымен қатар 2010 жылы Аргентинада өткен «Currency Conferences» кезекті конференциясында Қазақстанның OBSE төрағалық етуіне арналған 1000 теңгелік номиналды банкнот «Үздік қорғау элементі» номинациясы бойынша финалға шықты. Теңгенің жоғары деңгейдегі қорғанысымен қоса, оның дизайны біздің елдің тарихын, мәдениетін, өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беретіндігін шетелдік мамандар ерекше атап өтті. Осының арқасында, мамандар Қазақстанды банкнот өндіру саласы бойынша әлемнің дамыған елдерінің бірі ретінде қабылдайды, таниды, мойындайды. ҚОРЫТЫНДЫЛАР ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР – Мерейтой – бұл өткенді еске алумен қатар, жаңа бағыттарды белгілеу мүмкіндігі … – Инновациялық жаңалықтарды бірауыздан қолдаушы ретінде, біз, өзіміз үшін жаңа қорғау элементтерін өндіріске енгізу саясатын таңдадық, бүкіл әлем таныған әртүрлі ізденістерді компаниялармен ынтымақтасты түрде іс бабына қосуға тырысамыз. Біздің стратегиялық мақсаттар - коммерциялық тапсырыстардың үлесін арттыру және халықаралық нарыққа шығу болып табылады. Купюрамен тиындарды шығарып, кішігірім баспа фабрикасы ретінде өз қызметін бастаған Банкнот фабрикасы аз ғана уақыт ішінде банконттарды және бағалы қағаздарды шығаратын беделді, қуатты отандық кәсіпорынға айналды. Ол банкноттарды және бағалы қағаздарды шығару бойынша әлемдік нарыққа танымал болды, озық үлгідегі кәсіпорынның беделі мен абыройына ие. Бүгінгі күнгі теңге - біздің елге тән динамизм мен көшбасшылықты танытады. Ал таңдап алынған инновациялық саясаттың көп векторлығы біз қалаған жолдың дұрыс екендігін тағы растап, бұлтартпас сенім береді. «100 шақырым ұзақ жол алғашқы қадамнан басталады» дейді ежелгі даналық. Біз осы жолды жалғастырамыз, себебі, ҚР ҰБ Банкнот фабрикасының бүкіл қызметі - оның қол жеткізген табысының тарихы болады және болып қала бермек. RSS Банкнот фабрикасына - 20 жыл. Тарихы, шындықтары және болашақтағы жоспарлары жайлы Банкнот фабрикасының директоры Жомарт ҚАЖЫМҰРАТОВ әңгімелейді. TW Банкнот фабрикасы өзінің 20-жылдығын атап өтеді Алевтина ДОНСКИХ Мақаланың түпнұсқасын оқу үшін, мына сілтемені басыңыз

Тапсырысты рәсімдеу Тапсырысты рәсімдеу

“ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ” РМК

Біздің мекен-жайымыз

050061, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4

ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ

Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-34
+7 (727) 381-98-35

Факс: +7 (727) 381-98-44

Электронды пошта: mail@bf-rk.com