Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткілік, жүйкені қоздырғыш заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналысына және тұтынуға қарсы күрес шаралары туралы»

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткілік, жүйкені қоздырғыш заттар, прекурсорлар мен олардың заңсыз айналысына және тұтынуға қарсы күрес шаралары туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 10 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы есірткілік, жүйкені қоздырғыш заттар мен прекурсорлар айналысына мемлекеттік бақылауды іске асыру Тәртібін бекіту туралы» №1693 Қаулысы негізінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (мұнан әрі - Банкнот фабрикасы) Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің есірткіткілік заттар айналысына бақылау жасау және есірткілік кәсіпкерлікпен күрес Комитетінен - лицензиардан прекурсорлар айналымына қатысты қызметпен шұғылдануға рұқсат беретін 5 жылдық қолдану мерзімімен лицензия алды. Биыл Банкнот фабрикасында «2008-2012жж. «ҚРҰБ Банкнот фабрикасы» РМК-на жаңа құрал-жабдықтарды алу және оларды жаңарту Бағдарламасын» іске асыру мақсатымен алдын-ала басу материалдарын өндіретін СТiР жаңа жоғары технологиялық жабдығы іске қосылды. Банкнот фабрикасының лицензиардан алған лицензиясы арқылы СТiР жабдығында интаглио баспалық қалып жасау технологиясына қажетті прекурсорларды сатып алу, сақтау, пайдалану құқығы беріледі. Қазіргі кезде осы жабдықтың көмегімен Банкнот фабрикасы жоғары сапалы және талап етілген дизайн бойынша интаглио баспалық қалыбын дайындайды.

Тапсырысты рәсімдеу Тапсырысты рәсімдеу

“ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ” РМК

Біздің мекен-жайымыз

050061, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4

ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ

Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-34
+7 (727) 381-98-35

Факс: +7 (727) 381-98-44

Электронды пошта: mail@bf-rk.com