Маңызды экономикалық шеберліктің бірі. Қазақстанның банкнот фабрикасы өзінің жиырма жылдығын сыйлықтармен және жеңістермен атап өтуде

Баннер Баннер

Бұл қазақстандық теңгенің жалғыз халықаралық марапаты емес. Отандық банкнотшылардың шеберлігі әлемге танымал. 2007 жылы Бангкоктағы Currency Conference Optiks элементімен 10 000 теңгелік номиналды банкнотқа «Үздік жаңа банкнот» номинациясы бойынша бірінші орын берді. Сонымен қатар 2008 жылы теңгенің 15 жылдығына арналған 5000 теңге банкнотындағы SPARK қорғау элементі үздік атанды. Сонымен қатар, батыс еуропа сарапшыларының пікірі бойынша ол банкнот ісінде әлемдік қауіпсіздік стандартын ұсынды. Бұған қоса, 2010 жылы Аргентинада «Currency Conferences» кезекті конференциясында Қазақстанның OBSE төрағалық етуіне арналған 1000 теңге номиналды банкнот «Үздік қорғау элементі» номинациясы бойынша финалға шықты. Қазіргі күні, 26 мамырда өзінің мерейтойын атап өтумен қатар фабрика ұжымы жаңа жоспарлар құрып жатыр. Ал, қазіргі заман талабына сай өндіріс және кәсіпқой кадрлар амбизиозды мақсаттарды іске асыратын негіздерді ұсынуда. Марапаттар, жоспарлар және амбициялар жайында ҚР ҰБ «Банкнот фабрикасы» РМК Директоры Жомарт Қажымұратов мырзамен құрылған сұхбат. Нарықта кәсіпқойлар ғана қалады - Жомарт Төлегенұлы, мерейтойыңызбен және конкурстағы кезекті жеңістеріңізбен құттықтауға «Деловой Казахстан» газетінің көптеген оқырмандары да қосылады деп ойлаймын. Жеңістің негізі неде? Өйткені, жаңа қатысушының өзіне осы нарықтағы амбицияларымен жоғарғы тұғырға көтерілу оңай еместігін білеміз. Мұнда бәсекелестік өте жоғары, ал ойын ережелеріне көп ғасырлық тарихы бар алғырлар ғана еріксіз көндіреді емес пе... - Жақында, мен, банкнот өндіретін фабриканы ашпақ ойы бар азия елдерінің бірінің өкілдерімен кездестім. Олардың жалғыз көтерген мәселесі қандай болғанын білесіз бе? Кадр мәселесі. Оған: «ең бастапқы кезеңде, 20 жыл бұрын бізде полиграфиялық өндірісте тәжірибесі бар мамандардан басқа, ештеңе болмады» деп жауап бердім, олардың жағдайы біздікінен өзгеше: дайын кадрлар жоқ және оларды оқыту да қиын екендігін айтты. Яғни, бұл жоспарды іске асыру оңай емес. Себебі, ғимаратты салып, қазіргі замандық жаңа технологияларды сатып алуға, тіпті уақытша шетел мамандарын тартуға да болады, бірақ кәсіпқой ұлттық кадрларсыз мұндай стратегиялық және саяси маңызды жобаны бастауға болмайды. Қазақстанда, шындығында, бастапқы кезеңде өнеркәсіптік күш-қуат және банкнот өндірісі бойынша біліктіліктері жетілдірілген полиграфия мамандары болды. Бұл - табыс бастауы. Қазіргі күні біздің мамандар - жетістіктің маңызды көзі. Станокты іске қосатындар – Тарихқа көз жүгіртейік. Аз уақыт ішінде ұлттық валютаны ендіру, өзінің жеке банкнот фабрикасын құру және өз үйімізде теңге өндірісін бастау оңайға соққан жоқ. Әсіресе, сол кезеңдегі экономика жағдайында … – Валютаны ендіру, өзінің банкнот жасайтын және монеталық өндірісін құру - бұл ең алдымен, саяси шешімдер болды. Ауыр кезеңдерде осындай қадам жасау Ел басының даналығын және еркіндігін қажет етті. Сондай-ақ, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін елдің алдында жеке валюта туралы мәселеден басқа, сол кезеңдегі ауыр жағдайларды да ескеру мүддесі тұрды. Чек кітапшаларын және қатаң есептегі әртүрлі бланкілерді басып шығару сияқты күнделікті мәселелерді де жедел шешу керек болды. Сондықтан, Тәуелсіздікті жариялағаннан кейін дереу 1992 жылдың мамырында Президенттің Ұлттық Банктің баспа фабрикасын құру туралы жарлығы шықты. Сосын алға қойылған мәселелерді шешуге бағытталған Үкіметтің тиісті қаулылары қабылданды. Бар болғаны бір жылдан кейін - 1993 жылғы шілдеде - бағалы қағаздар цехы іске қосылды. Іс жүзінде, бұл қорғалған полиграфиялық өнімдерді шығаруға арналған баспа өндірісі болды. Нәтижесінде, онда алғашқы қағаз тиындары басып шығарылды. Тапсырыс мерзімі жағынан өте қатаң болды, бірақ ол аз жабдықпен өз уақытында жүзеге асырылды. – Көптеген елдердің, тіпті экономикалық дамыған елдердің өзі мұндай жобаларға бара бермейтіндігі белгілі! – Әр елдің осы мәселе бойынша өз дәлелдері мен мағына-мәндері бар. Мен Араб елдерінің бірінің банкнот фабрикасының басшысымен кездестім. Олардың фабрикасы ел экономикасының сұраныстарын 50% ғана қамтамасыз ете алады екен. Кәсіпорындарында әртүрлі кезеңдегі 3 желі қолданылады, бұл елдегі қолма-қол ақшаның деңгейіне және сапасына әсер етеді. Экономикадағы қолма-қол ақшаның күйі өте төмен деп айтуға болады. Бірақ, басып шығаруға көмектесу туралы менің ұсынысыма, олар «ақшаны басып шығару - саяси мәселе, олар жеткілікті жабық ел және өзінің ұлттық ақшаларын кез-келген жерде басып шығара алмайтындығын» айтты». Бірақ кейбір елдер үшін өзінің қазіргі замандық банкнот өндірісін құру технологиялық, қаржылық немесе кадрлар жағынан мүмкін емес. Сондықтан, әрбір ел ақшаны басып шығару мәселесін өзінің артықшылықтары мен жағдайларына қарай шешеді. Әлемде екі жүзден астам ел болғанымен, 78 фабрика ғана жұмыс істейді. Бір жылда орташа есеппен планетадағы барлық елдер үшін шамамен 1 трлн. дана банкнот шығару керек, ал нарықта 15-20 млрд. дана банкнот айналыста болатындығы есептелген. Осыған орай Қытайда - 5 фабрика, Үндістанда - 4 фабрика жұмыс істейді. Нәтижесінде, шамамен 50 елдің өзінің мемлекеттік ұлттық фабрикалары бар. ТМД шамамен 4 елінің – Ресей, Украина, Өзбекстан мен Қазақстанның банкнот өндірістері бар. Олардың барлығының өзінің «банкнотшы» ұйымдастыру-құқықтық нысаны, өзінің өкілетті органы бар. АҚШ-та – бұл Гравирлеу және басып шығару бюросы, оның 2 кәсіпорны бар, сонымен қатар мемлекет банкноттардың шығарылуын реттейді. Мысалы, ресейлік «Мемлекеттік белгісі» Қаржы министрлігінің, ал бізде БФК және Монеталық аула - Ұлттық Банктің жетекшілігінде. Біздің пікірімізше, бұл өте дұрыс, себебі Қаржы министрлігі - бұл бюджеттің орындалуымен айналысатын орган. Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі Үкіметтен тәуелсіз, ақашалай-кредиттік саясатты қамтамасыз етеді және қаржы құралдарының көмегімен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ұлттық Банк ғана қолма-қол ақша бойынша ел экономикасының сұраныстарын есептеудің тиісті әдістемесіне ие. Ұлттық Банк мамандарымен келесі жылы экономиканың күйі орташа мерзімді перспективалы деп талданады. Осыған сүйеніп, экономиканың қолма-қол ақша сұраныстарына болжау жасалады және оларды басып шығаруға тапсырыс беріледі. Дизайннан басып шығаруға дейін – Қазақстан да өзінің алғашқы ақшаларын шетелде шығарды. Бірақ, қазіргі күні бұл уақытша шара екендігі және бастапқыда ақшаны үйде шығару ниеті жоспарланғаны белгілі … - Қазақстанды осындай шешімге республиканы қолма-қол рубльмен жабдықтауға байланысты туындаған дағдарыс жағдайы итермеледі. Мемлекеттік егемендігімізді жариялағаннан кейін ұлттық валюта туралы мәселе - елдің маңызды атрибуты - өзекті болды. Яғни, жеке валютаны ендіру, толық құнды банкнот және монета өндірісін құру және экономикалық алғы шарттар. КСРО-ның қаржылық-саяси құлдырау сабағы қатаң болды, сондықтан өз елінде өзінің валютасын шығару туралы шешім экономикалық және саяси жағынан дұрыс болды. Осы мәселе жағынан тәуелсіздік болу өте маңызды еді. Сондықтан, 1992 жылы банкнот өндірісін құру туралы шешім қабылданған кезде дизайнды әзірлеуден бастап, өнімді шығаруға дейінгі толық өндірістік цикл жоспарланды. Көп кешікпей, біз осыған да қол жеткіздік. Тек, «1», «3», «5», «10», «20» және «50» теңге номиналындағы алғашқы банкноттар Англия кәсіпорнында басып шығарылды. Ал, 1995 жылғы 19 мамырдан бастап теңгенің барлық номиналдары Қазақстанның Банкнот фабрикасында шығарыла бастады. Осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен оның ресми салтанатты ашылуы болды. Сол уақыттан бері, банкнот өндірісіне байланысты барлық кезеңдер - басып шығаруға дайындық процесінен бастап дайын банкноттарды орауға дейінгі жұмыс - осында іске асырылады. Қазір шетелден эксклюзивті бастапқы материалдар жеткізіледі: қорғанысты қағаз және бояу. Кейбір дизайнерлік және техникалық шешімдерді толық жасау, талқылау және талдау осы шешімдерді іс барысына енгізу компаниялармен бірігіп жүргізіледі. Осылайша, ұлттық валюта банкнотын шығаруға қажетті жұмыс көлемінің 90% астамы елде орындалады. Әлемде өз елдері үшін ғана банкноттар және қатаң есептегі басқа өнімдерін шығаратын фабрикалар да бар. Экспортқа ғана жұмыс істейтін фабрикалар да бар. Бүгінгі күні, экспортқа бағытталған фабрикалардың қатарына - қазақстандық «банкнот кәсіпорны» да кіреді. Мұндай жетістікке біз 20 жыл ішінде үлгердік! Ақша, төлқұжат бланкілері – экспортқа – Яғни, бүгінгі күні «банкнот кәсіпорны» ұлттық валютаны және басқа елдер үшін ұлттық құжаттар да шығарады ғой?! Бұл пайдалы өндіріс пе? – Басқа елдер үшін құжаттарды және валютаны басып шығаруға барлық шетелдік тапсырыстарды біз конкурстық негізде аламыз. Бұл - жоғары бәсекелі, ерекше нарықтық сала. Әрине, бұл абыройлы тапсырыстар ғана емес, сонымен қатар рентабельді болып табылады. Нақты тапсырыстар бойынша нақты сандарды емес, АҚШ Федералды резервтік жүйесінің сайтынан жалпыға қол жетімді ақпаратты мысалға келтірейін: доллардың барлық номиналындағы 1 банкноттың орташа өзіндік құны 17 центті құрайды. Міне, баға тәртібі осындай! – Бүгінгі күні, Фабрикамен шығарылатын өнімдердің тізбесі қаншалықты көп? – Біз 3 негізгі бағытта жұмыс істейміз. Бірінші - банкнот өндірісі. Екінші – басқа қорғанысты полиграфиялық өнімдер. Бұл төлқұжаттар және 119 басқа да полиграфиялық өнімдердің атауы. Бұл есептік-бақылаулық және акциздік маркалар, білім беру туралы құжаттар, неке құжаттары, темір жол тасымалдарының тиеу құжаттары, почта маркалары, лицензиялардың бланкілері және тағы басқалар. Үшінші бағыт – поликарбонатты негіздегі ID-карталар. Жоғары сапалы деңгейде осы өнімдерді өндіруге қазіргі замандық полиграфиялық, тұрақты жаңартылып тұратын өндірістік база мүмкіндік береді. Біздің банкноттар цехы ұлттық валюта - теңгені шығаруды жетілдіруге мүмкіндік берді деп айта аламыз. Бүгінгі күні, банкноттарды басып шығару үшін біз әлемде қолданыс тапқан барлық қорғаныстық технологияларды және элементтерді қолданамыз. Соның ішінде, интаглиолық басу; екі жағы үйлесімді элементтер ізін басып шығару; бірегей оптикалық, магниттік қорғау және пайдалану ерекшеліктері бар бояулар; голографиялық элементтер; ультразамандық қорғаныстық жіптер. Сонымен қатар, бірегей нөмірлеу жүйесі қолданылады. Әлемдік сала көшбасшыларымен әріптестікте – Банкнот фабрикасы Қазақстанға теңгені шығаруға көмек көрсеткен серіктес – компаниялармен ынтамақтастығын жалғастырады ма? – Ақша өндіру нарығы өте шектеулі әрі спецификациялы. Көптеген қағаз, бояу өндірушілер бұл іспен бір ғасыр емес, бірнеше ғасыр жұмыс істейді. Әрине, біз де полиграфиялық өнімдердің жасанды түрлерінен қорғау үшін қорғаныс элементтерінің және қорғанысты бояудың өзара үйлесімін құрайтын арнайы қағазды қолданамыз. Кейбір өндірушілермен теңге тарихы басталған күннен бастап іскерлік ынтамақтастықтамыз десек болады. Қазіргі күні қағаз бен бояу Банкнот фабрикасы үшін дербес дайындалады. Біз, басып шығаруға арналған қорғанысты материалдар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы – көптеген компаниялармен ынтымақтастықтамыз. Соның ішінде SICPA компаниясы – банкноттарға және қорғалған баспа бояуларын өндіруші. Шамамен, әлемдегі 90% банкнот осы компанияның бояуларымен боялған. Біздің серіктес – КВА Notasys компаниясы – банкнот өндірісі үшін жабдықтардың толық спектрін ұсынатын әлемдегі жалғыз өндіруші. De La Rue және Gieseke&Devrient Компаниясы - әлемдегі жетекші банкнот өндіруші, сондай-ақ, банкнот қағазын және материалдарын өндірумен және жеткізумен айналысады. Arjo Wiggins Компаниясы – қорғалған өнімдерді өндіру және бақылау және брендті қорғау саласындағы дайын шешімдерді әзірлеуші және жеткізуші түрінде әлемге кеңінен танымал, қорғалған өнімдер мен банкноттар үшін арнайы қағаздарды өндіретін ірі компанияның бірі. JURA Компаниясы – банкнот және қорғалған өнімдердің дизайны үшін бағдарламалық жабдықтау және жеткізу бойынша көшбасшы. Осы аталған компаниялар өз саласының үздік көшбасшылары. Олар өз кезегінде, өнімнің мінсіз сапасын, құпиялылықтың жоғары жағдайларын қамтамасыз етеді және өз уақытында жеткізуге кепілдік береді. Компаниялар да олар ұсынатын материалдардың еркін нарыққа түспейтіндігіне және банкнот өндірумен айналыспайтын басқа компаниялардың қолдарына түспейтіндігіне кепілдік береді. Технологиялармен бір ырғақта – Менде чипті жеке куәліктер шығарылатын банкнот фабрикасының жаңа цехына кіруге мүмкіндік болды. Бірақ, бұл үлкен жобаның бастамасы екендігін, банктік карточкаларды шығару үшін өндірісті қосымша жабдықтау қажеттігіне Сіз айрықша назар аударылатындығын ескерткен едіңіз. Бұл бағытта қол жеткен жетістікке және жоспарға тоқталсаңыз? – Қазіргі күні, әлемдік тәжірибеде қолданылатын қорғаныс сипаттамаларының және өнімдерді қорғау бойынша жаңа полиграфиялық әдістердің барлық санаттарының ауқымды спектрімен өнімдерді өндіру прогресін басшылыққа алып, өз өндірісімізді жаңартып отырамыз. Бұл үшін жабдықтарды сатып алу мен жаңарту бойынша біз бес жылдық күрделі жоспар жасадық. Нәтижесінде, біз өнімнің сапасын арттыра аламыз және тапсырыс берушілердің, соның ішінде шетелдік тапсырыс берушілердің тұтыныстық талаптарын қанағаттандырамыз деп ойлаймыз. Бүгінгі күні банкноттарды кесу және орау желісінің ескірген моделі қазіргі замандық модельге ауыстырылды. Ол жоғары өнімділікті, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнімдерді өңдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, баспа машиналарында нақты уақыт ішінде басып шығару сапасын автоматты түрде бақылауға, басып шығарылған өнімдерді бақылауға және іріктеуге мүмкіндік беретін банкноттардың сапасын бақылау жүйелері орнатылған. Офсеттік және нөмірлеу баспа машиналарында электроника жабдығы толығымен жаңартылған. Интаглио басылымға арналған шаю ерітіндісін дайындау және тазалау бойынша ескірген жабдық «Hirec» жаңа жабдығымен ауыстырылды. Төлқұжат бөлімшесінде электрондық төлқұжаттардың бланкілерін дайындауға арналған лазерлік перфорациялық жаңа жабдық орнатылды. Жаңа баспа машиналары сатып алынды және іске қосылды. Соның ішінде бағытты нөмірлеу модулімен «Silver» ролдік машинасы, сандық әдіспен баспа нысандарын жасау бөлімшесі іске қосылды. Интаглио қалыптарды жасайтын бөлімше монтаждалу сатысында. Мұның бәрі Банкнот фабрикасының банкноттарды және басқа қорғанысты өнімдерді өндірудің толық циклін іске асыруына, шетелдік серіктестерден технологиялық жағынан тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар - қорғалған баспа саласындағы соңғы үрдістерді ескеріп, ішкі нарық үшін де, шетелдік тапсырыс берушілер үшін де шығарылатын өнімдердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алдында айтып өткен біздің жыл сайын 1 миллиард данаға дейін банкноттарды шығару жоспарымыз - бүгінгі күні шындық: өнімділік осы көлемді қиындықсыз игеруге мүмкіндік береді. Бірақ, әзірге нарық сұранысы төмен және қазір жылына орташа есеппен фабрика 200-300 млн. дана ұлттық валютаның әртүрлі номиналды банкноттарын және осындай көлемдегі банкноттарды басқа елдер үшін де өндіреді. Ақша жеткілікті болу үшін – Қандай да бір банкноттарды шығару көлемі қалай анықталады, қандай банкноттар өтімді? – Ұлттық Банкінің құрамында Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу Департаменті қызмет етеді, ол елдегі қолма-қол ақшаның сұранысын, номиналдың таратылуын анықтайды. Есептер ҚР ҰБ Зерттеу және статистика Департаментінің болжамды деректері негізінде жүргізіледі. Сол бойынша, ел экономикасының қолма-қол ақшаға сұранысын есептеу әдістемесі қолданылады. Бұл Ұлттық Банк жүзеге асыратын функциялардың бірі. Дегенмен, екінші деңгейлі банктер ірі номиналдарға мүдделі. Оларға сол ыңғайлы. Қазіргі банкоматтарда 6 кассет қарастырылған. Бірақ, біздің бақылау бойынша, 200-дікті олар салмайды. Себебі, олар тез кетеді және банкоматтарды қайтадан толтыру қажет болады. Ал, бұл - коммерциялық банктер үшін үлкен шығындар, соған сәйкес олар мұны азайтқысы келеді. Сондай-ақ, ірі номиналды шаруашылық субъектілері, жеке кәсіпкерлер, нарықтағы шағын саудагерлер қолдануға мүдделі, оларда ұсақ ақша сұранысы аз. Ал, халық төмен номиналды банкноттарды көп қажет етеді. Пионер болу оңай емес, бірақ маңызды – Оқырмандардың сауалы: неліктен банкноттардың дизайны жиі өзгереді? – Негізінен, ұлттық валютаны ендірген сәттен бастап теңгелер дизайны небәрі бір рет – 2006 жылғы 15 қарашада ғана маңызды әрі толығымен өзгерді. Бірақ, алғашқы қатарда үлкен номинал ретінде 100 теңге қолданылды, нақты экономикалық жағдайға сай болу үшін, номинал өсіп отырды. Бүгінгі күні, ең жоғарғы номинал - 10 000 теңге. Сонымен қатар банкноттық қатарда мерейтойларға арналған банкноттар және естелік банкноттар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, біздің елдің жаңа тарихының шежіресі, екіншіден, оларға жаңа технологиялар мен қорғау элементтерін қолдану мүмкіндігі. Себебі, соңғы 10-12 жылдың ішінде технологиялардың даму деңгейі барынша артты. Сондықтан, Ұлттық Банк сериялы банкноттарға қандай да бір қорғаныс элементтерін қолданбас бұрын, мерейтой және естелік банкноттарды, сонымен қатар былайша «үй» ақшалары деп аталатын баспа үлгілерін сынамалау туралы шешім қабылдады. Мұнымен біздің дизайнерлер айналысады. Ал кейбір жаңа элементтерді әзірлеу үшін әртүрлі жобалар іске асырылуда. Мысалы, «Калипсо». Сондықтан, 2008 жылдан бері бізбен шығарылып жатқан банкноттар әлемде алғаш қолданылған қазіргі замандық қорғаныс элементтеріне ие. Олардың қатарына, мерейтойға арналған бес мыңдық банкнотқа «шарықтаған бүркіт» элементін жасау кезінде қолданылған «SPARK» кіреді. Сосын осы қорғау элементі барлық мұнан кейінгі естелік және жаңа айналысқа енгізілген банкноттарда қолданыла бастады. Оны әлемнің көптеген елдері ұлттық ақшаларын басып шығару кезінде қолданады. Европалық Орталық банк зертханасының қорытындысы да бар, осы қорытындыға сәйкес қазіргі уақытта осы элемент қайта жасауға келмейді. Евро-2 жасауға «SPARK»-ты қолдану ниеті туралы Еуропалық Орталық банк бұрыннан айтын келеді, бірақ белгілі себептерге байланысты осы ниетін кейінге қалдырып отыр. Әлемдік ноу-хауды әзірлеу базасы – БФК осы элементтерді қолданумен, осы элементтерді технологиялық әзірлеу кезіндегі әзірлеушілердің серіктесі болып табылады. Бұл оңай емес және шығынды көп қажет ететін мәселе. Дайын инновациялық элементті сатып алу және оны қолдану оңай емес пе? – Тәжірибелік-зерттеу жұмысы, сынақтан өткізу, дәлелдеу – кез-келген инновациялық процестің маңызды бөлігі. Бұл бізге әлемде бірінші болып банкноттарда жаңа қорғаныс элементтерін қолданумен қатар, процестерді зерттеуге, мамандар деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибедегі ең маңыздысы - әлемдік деңгейдегі жаңа технологиялар, идеялар үшін сынау базасы атану. Бүгінгі күні, біз, жетекші әлемдік банкнот өндірушілермен бәсекелесе алмаймыз, бірақ біздің даму стратегиямыз әлемдік сала көшбасшыларымен жақсы қорғалған ақша өндірісін реттеуге және олардың ноу-хауын әзірлеу үшін тәжірибелік алаң атануға мүмкіндік береді. Біздің Банкнот фабрикасы - таза өндірістік компания, бірақ іске асырылған серіктестік моделі бізге олардың идеяларын «өңдеуге», олардың тәжірибелік жаңалықтарын біздің сериялық үлгілерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мен айтып өткенімдей, БФК «Spark» элементі сынақтан өтті және қабылданды. Сонымен қатар, әлемде алғаш рет, «Оптикс» және «Veryfeye Magic» элементтері сынаудан өтті және банкноттарға қолданылды. Бұл барлық тараптар үшін өзара тиімді тәжірибе, себебі ноу-хау иелері олардың жаңа өнімдерінің өндірісте және айналымда қалай жүргізетіндігін көреді, ал фабрика әлемдегі алғаш инновацияларды қолдану арқылы ұлттық банкнот санатын жетілдіруге мүмкіндік алады. Соның ішінде өзіне тиімді шарттармен. Бұл өте құнды, себебі жалпы фабрикалар арасынан 7 фабрика ғана бүкіл әлем бойынша банкнот материалдарын, бояуларын, қорғаныс элементтерін өндіреді. Олардың сапында біздің тұрақты серіктестер - De La Rue, G&D, Arjowiggins, Crane, SICPA бар. Кейбір біздің жобаларда нағыз «бәсеке алаңы» технологиялары қолданылады. Мысалы, «Ұлы Жібек Жолы» жобасын іске асыру үшін біз интаглио пластиналарын өндірушілерді шақырдық. Сонымен қатар, біз, банкнот қағазын өндіру жобасына қатысуды ұсындық. Біз әртүрлі өндірушілердің пластиналары және қағаздар өндірісін салыстыру арқылы көркем-шығармашылық ойларды және қорғаныс жүйесін біріктірумен жаңа өнім шығару технологияларын іске асыруды көздедік. Мұны 3 компания қолдады, олар әртүрлі интаглио пластиналарын дайындау технологияларына және 4 қағаз өндірушілерге ие. Нәтижесінде, біз осы жобаның негізінде «үй ақшасының» 12 нұсқасын жасадық және олардың баспа үлгілерін серіктестерге ұсындық. Біз, жоба қатысушыларына және мамандарға үлгілерді дербес бағалауға және салыстыруға мүмкіндік бере отырып, олар бойынша ешқандай бағалау жасамадық. Одан кейін біз осы жұмысты халықаралық конференцияның бірінде көрсеттік. Осы қағида бойынша «Марко Поло» «үй ақшасының» баспа үлгілері жасалды. Оларға Ұлттық Банкінің дизайнері Меңдібай Алин ұсынған технологияларды үлестірумен орындалған «Spark» элементі қолданылды. Осы банкнотада De La Rue ұсынған жаңа қорғау жібі және аққан жұлдыз түріндегі ерекше иридисцентті элемент сыналды. Дайындалған баспа үлгілерін фабрика Барселонадағы конференцияда ұсынды. Кәсіпқой ортада бұл резонанс жоғары бағаға ие болды. · Дегенмен, банкноттардың жаңа қорғаныс элементтерін қолдану саласындағы біздің бірінші болуға ұмтылысымызды тіпті ескі серіктестеріміз де түсінбейтін секілді. Бірақ, бұл - біздің стратегия, ол әлемдегі қазіргі замандық және бәсекелес банкнот өндірісіндегі ең жоғары орындарға көтеретін нәтижелер береді. Әрине, біз жаңа қорғау элементтерін әзірлеуге зор инвестициялар сала алмаймыз, оған осы салада бойынша ғасырлық тәжірибеміз де, тиісті кадарларымыз да жоқ: нарық жабық, және бұл құпиялар, әрине сатылмайды. Бірақ, біздің саясат шетелден барлық ноу-хауды тартуды жоспарлайды. Шығару тиражы шектелген купюраларда осы элементтерді іс жүзінде қолдану арқылы, біз айналымдағы банкнотта олардың қалай жүргізілетіндігін жеткілікті білеміз. Ал, кез келген қорғау элементтерін және қағаздарды өндіруші-компания оның элементі нақты банкнотта қолданылуына мүдделі. Ал, біз, бір ғана қағаз, бояу өндірушіге тәуелді емеспіз, себебі, әртүрлі өндірушілердің материалдарының физикалық-техникалық және басқа сипаттамаларын білеміз және өзімізге тиімдісін таңдай аламыз. Чип нарыққа асығады – Қазіргі замандық ақшалардың қорғаныс деңгейі қаншалықты жоғары? – Төрт деңгейлі. Оның негізгісі, көпшілік қорғау элементтеріне ерекше назар аударылған, осы арқылы арнайы техникалық құралдарсыз банкноттың немесе басқа қорғалған өнімдердің түпнұсқалығын жеңіл анықтауға болады. Екінші деңгей – қарапайым детекторларды қолданумен анықталатын қорғау элементтері. Үшінші деңгей – сұрыптау машиналарымен, кешенді жабдықтармен ақшаны өнеркәсіптік өңдеу кезінде қолданылатын қорғау элементтері. Және төртінші деңгей – тәжірибелік-криминалисттік сараптау құралдарының көмегімен түпнұсқалықты анықтау. Қорғау элементтері банкнот номиналына байланысты: олар төмен болған сайын, қорғау элементтері де төмен болады. Қазақстандық банкноттарда 12-ден 27-ге дейін қорғау элементтері болады. Жиі ұқсатып (жасанды) жасалатындар – ірі номиналдар. Бірақ, құқық қорғау органдары тарапынан жиі алынатын жасандылар, негізінен – жаңа элементтерді көшіріп жасауға мүмкін емес көшірме жасайтын аппараттарды қолданумен жасалған банкноттар. Яғни, кәсіпорын өзінің қызметінің 20 жыл ішінде елде сұранысы мол және шетелдік мамандармен жоғары бағаланатын жақсы қорғалған өнімдерді шығару процесін ретке келтірді. Біз бір орында тұрмаймыз. Бұған ID-карталардың реттелген өндірісі дәлел. Бұл өте күрделі өнім. Бүгінгі күні, цехтың өнімділігі бір ауысымдық жұмыс кезінде жылына 5 млн. карточканы құрайды. Қазіргі уақытта Master Card Worldwide, Visa International халықаралық төлем жүйелерімен және GSM өндірушілер қауымдастығымен біздің өндірісті сертификаттау мәселесі қаралуда. Бұл Қазақстанда халықаралық жүйелердің банктік карточкаларын және GSM карточкаларын шығаруға мүмкіндік береді. Бізді сертификаттауға дайындайтын мамандандырылған компаниямен шарт жасауды жоспарлап отырмыз. Бұл осы карталарды өндірушілердің тізіліміне енуге мүмкіндік береді және банктер бізге тапсырыстар береді. Елде жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы қабылданған. Біз бұл бағдарламаға кірмесек те, осы инновациялық курсты басшылыққа аламыз. Келешекте біз, инновацияны дамыту, бәсекелестікті арттыру арқылы Қазақстанның банкнот фабрикасының да болашағы жарқын болатынына кәміл сенеміз. Мақаланың түпнұсқасын оқу үшін, мына сілтемені басыңыз

Тапсырысты рәсімдеу Тапсырысты рәсімдеу

“ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ” РМК

Біздің мекен-жайымыз

050061, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4

ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ

Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-34
+7 (727) 381-98-35

Факс: +7 (727) 381-98-44

Электронды пошта: mail@bf-rk.com