2011 жылғы үлгінің өзгертілген дизайнымен номиналдық құны 5000 теңгелік банкноттың сипаттамасы

Баннер Баннер

2011 жылғы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілді. Өлшемі: 144х76 мм Басым түсі: қызыл Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі, барыстардың суреті. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар. Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы бөлікте Іле Алатауы аясында Алматыда орналасқан тәуелсіздік монументінің ең жоғарғы бөлігі, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты. Оң жақ бөлігінде алма және кептер бейнеленген голографиялық жолақтар бар. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортада – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығарушы банктің логотипі орналасқан. Төменгі сол жақ жоғарғы бұрышта банкнот номиналының белгіленуінен төмен қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан.

Тапсырысты рәсімдеу Тапсырысты рәсімдеу

“ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ БАНКНОТ ФАБРИКАСЫ” РМК

Біздің мекен-жайымыз

050061, Алматы қаласы, Фуркат көшесі, 4

ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ

Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 381-98-34
+7 (727) 381-98-35

Факс: +7 (727) 381-98-44

Электронды пошта: mail@bf-rk.com