Құнды қағаздарды басып шығару үшін Банкнот фабрикасында қорғау элементтерінің тіркесімі бар арнайы қағаз бен сия қолданылады.
Эксклюзивті
Қағаз мен бояулар Банкнот фабрикасына банкноттарды шығаруға, бағалы қағаздарды шығаруға және қатаң есептілік бланкілеріне айрықша құқықтармен беріледі.
Қорғаныс
Бұл материалдардың көзге көрінетін және жасырын қорғаныс дәрежелері бар
БАНКНОТ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫСТЫ ҚАҒАЗДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ СИПАТТАМАСЫ:
Су белгісі (тұтас, жарты реңкті, мультиреңкті‚ локальды);
Электротайп (қарама-қайшылықты су белгісі);
Көзге көрінетін талшықтар;
Флуоресцентті көрінбейтін талшықтар;
Конфетти;
Hi Light (Ультра күлгін сәуле арқылы көрінетін ұсақ нүктелер);
Металлдандырылған жіптер (магнитті‚ микромәтінге енгізілген және флуоресцентті);
Флуоресцентті қорғанысты жіптер;
Голограммалық жолақтар;
Қорғаныстық химиялық түрлері;
Иридисцентті жолақ;
Таксфера және басқалары;
ҚОРҒАНЫСТЫ БАСПАЛЫҚ ӨНІМДІ ШЫҒАРУДА ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҰРАҚТЫ АРНАУЛЫ ҚОРҒАНЫСТЫ БАСПАЛЫҚ БОЯУЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
Әртүрлі түстермен араластырылған түссіз бояу;
Әртүрлі түстермен араластырылған түсті бояу;
Бифлуоресцентті бояулар;
Көз алдағыш бояулар;
Металлдандырылған флуоресцентті;
Магнитті ерекшелікті;
ИК-сәулелермен көрінетін және көрінбейтін;
Термохромды;
Фосфоросцентті;
Химиялық реактивтерге сезімтал бояулар және басқалары.;
Оставьте Ваши контактные данные, и мы свяжемся с Вами!