Сырт жағындағы негізгі бейнелер:
– ою-өрнекпен безендірілген қалқан аясында Қазақстанда мекендейтін бүркіттің бейнесі;
– негізгі бейненің артында бірден бірнеше ойды бойына сіңірген дөңгелектеп жасалған қазақша ою-өрнек бар:
«Қалқан» - құндылықтарды қорғауды білдіреді;
ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы;
ортасында күн белгісі шығармашылық энергияның нышаны, өмірдің символы.
– жәдігер - қанаты кеңге жайылған бүркіттің бейнесі (Берел қорғандары «Патшалар Алқабы», б.д.д. 8-7 ғғ., ШҚО, әшекейдің элементі, еркіндік пен үйлесімділіктің символы).
– банкноттың ортасында фон ретінде қазақтың «шексіздік» ою-өрнегінің сұлбасы бейнеленген, оның ішінде Шарын шатқалының пейзаждық көрінісі суреттелген.