"Байтерек" сериясының банкноттары
Номиналы:
200 тенге
Размер (мм):
126х64
Год выпуска:
2006 год
Номиналы:
200 тенге
Размер (мм):
126х64
Год выпуска:
2006 год
Бет жағының негізгі бейнесі:

банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында мемлекеттік тілдегі эмитент банктің атауы «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан.
Басым түстер — сарғыш және жасыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты және елорда Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанат ты — барыстың біреуі, артқы көріністе ҚР Қорғаныс министрлігінің ғимараты және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 200 және марал

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «Алматы 200» мәтінімен ені 2 мм сүңгуір жіп.

Номиналы:
500 тенге
Размер (мм):
130х67
Год выпуска:
2006 год.
Номиналы:
500 тенге
Размер (мм):
130х67
Год выпуска:
2006 год.
Бет жағының негізгі бейнесі:

банкноттың орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контурі ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі бөлігінде ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Мемлекеттік әнұран ноталары астында мемлекеттік тілдегі эмитент банктің атауы — «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ».
Басым түстер — көк және сұр.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе ҚР Қаржы министрлігінің ғимараты, Астана қ. әкімшілігінің ғимараты, артқы көріністе теңіз үстіндегі шағалалар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 500 және киік

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «Астана 500» мәтінімен ені 2 мм сүңгуір жіп.

Номиналы:
1000 тенге
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2006 год
Номиналы:
1000 тенге
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2006 год
Бет жағының негізгі бейнелері:

банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контурі ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі сол жақ бұрышын- да тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Оң жақ төменде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — сары және қоңыр.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Президенттік мәдениет орталығы және Батыс Қазақстанның «Чинк» табиғи ландшафты. Артқы көріністе таулардың бейнесі. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 1000 және түйе

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «1000» мәтінімен және ҚРҰБ логотипімен, ені 3 мм сүңгуір жіп.

Номиналы:
2000 тенге
Размер (мм):
139х73
Год выпуска:
2006 год
Номиналы:
2000 тенге
Размер (мм):
139х73
Год выпуска:
2006 год
Бет жағының негізгі бейнелері:

банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: күңгірт және ашық жасыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Алматы-дағы Абай атындағы опера театрының ғимараты, артқы көріністе таулы көл. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 2000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «2000» мәтінімен және ҚР Президентінің қолтаңбасымен, ені 3 мм сүңгуір жіп.

Номиналы:
5000 тенге
Размер (мм):
144х76
Год выпуска:
2006 год
Номиналы:
5000 тенге
Размер (мм):
144х76
Год выпуска:
2006 год
Бет жағының негізгі бейнесі:

банкноттың ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында қоңыр қызыл және күңгірт-сұр жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.
Басым түстер: күрең қоңыр және қызыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үй ғимараты, артқы көріністе таулар. Сол жақ төменде және оң жағында банкноттың сандық белгілеуі, орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 5000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– «5000» мәтінімен және ұлттық ою-өрнегімен, ені 3 мм сүңгуір жіп.

Номиналы:
10 000 тенге
Размер (мм):
149х79
Год выпуска:
2006 год
Номиналы:
10 000 тенге
Размер (мм):
149х79
Год выпуска:
2006 год
Бет жағының негізгі бейнесі:

ортасында «Астана-Бәйтерек» монументі. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және күңгірт көк жолақ- тарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының суреті. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан. Төменгі сол жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Төменгі оң жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: күлгін және көк.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көріністе Қазақстан Республикасы Президентінің резиден- циясы Ақорда, артқы көріністе арналар. Сол жақ төменде және оң жақтада банкноттың сандық белгілеуі, орта жақ төменде — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі, электротип: 10 000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– мөлдір саңылаудағы «10000» номиналының суретімен және сандық бейнесімен қорғаныш жібі.