Ескерткіш және мерейтойлық банкноттар
Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название
ОБСЕ
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2010 год
Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название
ОБСЕ
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2010 год
Бет жағының негізгі бейнелері:

сол жақ жоғарғы бұрышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, оң жақ төменгі бұрышта стилденген ұшып бара жатқан құстардың сәндік суреті. Банкноттың ортасында номиналдың қызыл-көк түсте сандық және мәтіндік белгілеуі. Банкноттың барлық алаңы бойынша қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтері пайдаланылған. Банкноттың оң жақ бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументінің голографиялық суреті және оптикалық өзгеріп тұратын бояумен басылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі. Басым түстер — көкшіл және жасыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

сол жақ төменгі бұрышта Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы және номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» суреті, оның астында номиналдың орыс тіліндегі мәтіндік белгілеуі. Ортаңғы жоғарғы бөлігінде алтын түсті иридесцентті бояумен басылған «2010» жазуымен құстың суреті.

Сутамғы белгі:

«Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 1000

Материалдар: Қағаз:

– 100% мақта сутамғы белгісімен

Қорғаныш жіптері:

– магнит қасиетімен машина арқылы оқуға болатын, ені 4 мм сүңгуір жібі;

Ламинатталған голографиялық элемент:

– «Астана-Бәйтерек » монументі түрінде алтын және күміс түсті металданған голографиялық сурет;

Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название:
ОИК
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2011 год
Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название:
ОИК
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2011 год
Бет жағының негізгі бейнелері:

банкноттың ортасында Қожа Ахмет Ясауидың кесенесінің күмбезі, оның астында номиналдың сандық белгілеуі. Оң жақта «Ислам конференциясы» Ұйымының ресми логотипі. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары: елтаңба және ту. Үстіңгі сол жақта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: ашық — жасыл.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

Қожа Ахмет Ясауидың кесенесі. Төменгі сол жақта, ортасында және оң жақта банкноттың сандық және әріптік белгілеуі. Жоғары ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.

Сутамғы белгі:

«Қар барысы» басының бейнесі және электротип: 1000

Материалдар: Қағаз:

- сутамғы белгісімен

Қорғаныш жіптері:

қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– қорғаныш жібі, қағаз бетіне ашық мәтін/ графикамен («1000» және «Барыс») енгізілген, ені 6 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын, көз салу бұрышына байланысты түсін өзгертеді;

Элемент «Spark®» — ою-өрнек суреті түрінде банкноттың бет жағында орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі жасыл түстен алтын түске ауысады.

Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название
Культегин
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2013 год
Номиналы:
1000 ТЕНГЕ
Название
Культегин
Размер (мм):
134х70
Год выпуска:
2013 год
Бет жағының негізгі бейнелері:

«Қазақ елі» монументі, ұшып бара жатқан көгершіндер және «Күлтегін» мүсінінің фрагменті. Жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының мемлекетті символдары: елтаңба және ту. Сол жақ көлденеңнен — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: сары және қоңыр.

Сырт жағының негізгі бейнелері:

түрік жауынгерлерінің таудағы суреттері, артқы жағында түрік жазбаларына ескерткіш. Төменгі сол жақта және жоғ ары оң жақта банкноттың сандық белгілеуі, ал төменде ортасында — орыс тіліндегі әр іптік белгілеуі. Сол жақта мемлекеттік тудың суретімен, ені 12 мм голографиялық жолақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және «Ескерткіш теңге» жазуы. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, ал оның астында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.

Сутамғы белгі:

«Самұрық» мифтік құсының бейнесі бар және электротип: 1000

Материалдар: Қағаз:

– 100% сутамғы белгімен мақта.

Қорғаныш жіптері:

– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75мм;
– сүңгуір жібі, қағазға енгізілген, ені 4,5 мм, бетіне үзік-үзік сызық түрінде шығады;

Голографиялық таспа:

– ҚР туының фрагменті, ҚР Ұлттық Банкінің логотипі және «Ескерткіш теңге» жазуымен ені 12 мм голографиялық жолақ. Элемент «Spark®» — қаған тәжінің фрагмент түрінде банкноттың сырт жағында орналасқан көлбеу бұрышын өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.

Номиналы:
2000 ТЕНГЕ
Название:
Байтерек
Размер (мм):
139х73
Год выпуска:
2011 год
Номиналы:
2000 ТЕНГЕ
Название:
Байтерек
Размер (мм):
139х73
Год выпуска:
2011 год

Бет жағының негізгі бейнелері: 

ортаңғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және көгілдір жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. Банкноттың төменгі бөлігінде алақанның және түсін ауыстыратын бояумен басылған қар ұшқыны суреті. Төмен жақта тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Басым түстер: көк және жасыл.


Сырт жағының негізгі бейнелері: 

таудың аясында шаңғышы және 7-ші Азиялық ойындар символикасы. Сол жақ төменде банкнот номиналының сандық және әріптік белгілеуі. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.


Сутамғы белгі: 

«Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 2000


Материалдар: Қағаз:
– 100% сутамғы белгімен мақта.


Қорғаныш жіптері:
– сүңгуір жібі, қағазға енгізілген, ені 4 мм «Астана-Алматы» мәтінімен үзік-үзік сызық түрінде қағаз бетіне шығатын, бет жағынан «2011» жазуын, сырт жағынан «ҚАЗ» жазуын құрамдастырумен орындалған. Банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі қызыл-күлгін түстен жасыл түске ауысады;


Иридесцентті жолақ:
– ені 15 мм жолақта, алтын жарқылы бар арнайы бояумен басылған, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде қар ұшқынының суреті пайда болады.
Элемент «Spark®» — дөңгелек ішінде қар ұшқыны түрінде орналастырылған, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде жасыл түстен алтын түске ауысады.

Номиналы:
5000 ТЕНГЕ
Название:
Аль-Фараби
Размер (мм):
149х74
Год выпуска:
2001 год
Номиналы:
5000 ТЕНГЕ
Название:
Аль-Фараби
Размер (мм):
149х74
Год выпуска:
2001 год

Бет жағы: 

басым түстер — қоңыр және қызыл. Төменгі бұрыштың сол жағында номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Банкноттың оң жақ бөлігінде «Қазақстан» жазуымен металсыздандырылған жіп және номиналдың мәтіндік, сандық белгілеуі. Портреттен сол жақта түсін өзгертетін бояумен басылған шарықтаған қыранның және күннің бейнесі. Банкноттың жоғарғы сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы. Сол жақ тігінен және портреттен көлденеңнен оң жақта қос топтамалы жеті нөмірлер орналасқан.


Сырт жағы: 

Банкноттың сол жақ бөлігінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.


Сутамғы белгі: 

Әл-Фараби портреті және электротип: қанатты Барыс  


Материалдар: Қағаз:
– 100% сутамғы белгімен мақта.


Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– ұшып бара жатқан барыс бейнесімен, ҚРҰБ логотипі және «5000» мәтінімен, ені 4 мм
сүңгуір жібі.

Номиналы:
5000 ТЕНГЕ
Название:
Байтерек
Размер (мм):
144x76
Год выпуска:
2008 год
Номиналы:
5000 ТЕНГЕ
Название:
Байтерек
Размер (мм):
144x76
Год выпуска:
2008 год

Бет жағының негізгі бейнелері: 

орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтен сол жақта мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күрең және күңгірт сұр жолақтарға ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға ақ түсті сызықпен номиналдың сандық белгілеуінің контуры орналасқан. Банкноттың төменгі бөлігінде ашық алақан және жарқыраған күннің аясында оның жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышы өзгергенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде «Spark» қорғаныш элементі. Жайылған қанаттар қыранның динамикалық қозғалысын бейнелей отырып, жарқ-жұрқ етеді. Төменде тігінен мемлекеттік тілдегі номиналдың әріптік белгілеуі. Басым түстер — күрең қоңыр және қызыл.


Сырт жақтың негізгі бейнелері: 

Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көрініс Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі ғимараты, артқы көріністе Іле Алатауының таулары. Сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада тұсында
«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.


Сутамғы белгі: 

«Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 5000


Материалдар: Қағаз:
–100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «5000 теңге» көрінетін мәтінімен, ені 3 мм сүңгуір жібі;
– ою-өрнек суретімен көмескі тәсілін енгізу элементімен қорғаныш жібі (қабыршық қағаз).

Элемент «Spark®» — жарқыраған күннің аясында оны жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышын өзгер ткенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде, оптикалық өзгеруі қасиетімен арнайы екі орнықтыру бояуымен орындалған.

Номиналы:
10 000 ТЕНГЕ
Название:
Қазақ Елі
Размер (мм):
149х79
Год выпуска:
2011 год
Номиналы:
10 000 ТЕНГЕ
Название:
Қазақ Елі
Размер (мм):
149х79
Год выпуска:
2011 год

Бет жағының негізгі бейнелері: 

«Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер. Монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба. Сол жақ төменде және үстінде номиналдың сандық белгілеуі, сол жақ ортасында — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — көк және күлгін. 


Сырт жақтың негізгі бейнелері: 

Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының контуры. Сол жақта жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ЖИЫРМА ЖЫЛ» жазуы, оның астында тәуелсіздіктің 20-жылдығын мерекелеуінің логотипі. Жоғарғы ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, оның астында Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.


Сутамғы белгі:

 «Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 10 000 


Материалдар: Қағаз:
– 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– қорғаныш жібі (қабыршық қағаз), ҚР Президенттің қолтаңбасымен көмескі өрнектеу әдісімен енгізілген элементімен, ені 6 мм;
– қорғаныш жібі ені 18 мм, мөлдір терезедегі «10000» номиналының сандық бейнесімен және суретімен металсыздандырылған полимерлі жолақ.

«Spark®» элементі — банкноттың бет жағында оптикалық өзгеретін қасиетімен екі есе бекітілетін бояумен орындалған, стильденген көгершіннің суреті, түсі: жасыл-алтын.

Номиналы:
20 000 ТЕНГЕ
Размер (мм):
155х79
Год выпуска:
2013 год
Номиналы:
20 000 ТЕНГЕ
Размер (мм):
155х79
Год выпуска:
2013 год

Бет жағының негізгі бейнелері: 

«Қазақ елі» монументі, пырақ және «Мәңгілік ел» салтанатты аркасы. Банкноттың жоғарғы сол жағында пырақ орналасқан, ол түркі тілдес және көшпенді халықтарды қоса алғанда көптеген мәдениетте таза нұр мен өмірдің шабыт пен жемісті еңбектің, мақсатқа ұмтылушылық пен биліктің нышаны ретінде қабылданған. Банкноттың төменгі жағында ортада «Мәңгілік ел» салтанатты аркасының суреті — еркін елдің мәңгілік идеясы, жалпыға ортақ қазақстандық үйдің ұлттық идеясы, сәулет құрылысы тұрғысынан бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: елт аңба және ту. Сол жақта төменде және сол жақ жоғарғы жартысында номиналдың сандық бе лгілеуі басылған, сол жақта ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — сұр-көгілдір.


Сырт жақтың негізгі бейнелері: 

банкноттың ортасында Қазақстан картасының контуры және Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттарымен елорда Астананың көрінісі. Сол жақ төменде, оң жақ жоғарыда және ортада ба нкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменгі ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы.


Сутамғы белгі: 

«Самұрық» мифтік құсының бейнесі және электротип: 20000


Материалдар: Субстрат:
– сутамғы қағаз


Қорғаныш жіптері:
– түсін қызылдан жасылға өзгертетін, металсыздандыру элементтері және флуоресцентті қасиеті бар түс ауыстыратын әсерімен ені 5 мм сүңгуір жібі;
– магнитті қасиетімен ені 0,8 мм машина арқылы оқуға болатын жіп. «Spark®» элементі — банкноттың бет жағында пырақ түрінде орналасқан, банкноттың көлбеу бұрышын өзгерткенде бояудың түсі жасыл түстен алтын түске ауысады.