«Ең үздік банкнот» марапаты әрлендірме саласында үздік жетістіктерге, банкноттың немесе банкнот сериясының жоғары технологиялық қорғаныс деңгейіне беріледі. Сондай-ақ, купюраның шығарылатын, жататын еліне, оның мәдени мұрасына, жалпы банкноттың әрленімін көрсететін символикасына ерекше көңіл бөлінеді. 20 000 теңге номиналды банкнота 2015 жылдың 1 желтоқсанында айналымға шығарылды. Банкнота сұр-көк түсі басымырақ болып орындалған. Алдыңғы жағында негізгі кескін монумент - «Қазақ елі», қанатты ат және Мәңгілік Ел салтанатты дарбазасы орналасқан. Сырт жағында банкноттың ортасында негізгі суреттеме болып Қазақстанның картасының контуры және Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген өкімет тарамын бөлу ұстанымын көрсететін ретте орналасқан Астананың Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттарымен көрініс көрінеді. Жаңа банкнота қазақстандық теңгенің ең қорғалған ақша белгісі, сонымен бірге дүние жүзіндегі ең бір қорғалған банкнота болып табылады. Қорғаныс үшін қолдан жасаудан қорғау индустриясында соңғы инновациялар пайдаланған, жалған ақша жасаушылыққа қарсы әрекеттің классикалық тәсілдері түрлендірілген және күшейтілген. Көру қабілеті әлсіз адамдар үшін банкнотаның оң жақ шетінде қармалауда айырмалы жеті жоғары бедерлі үшбұрыш түсірілген.