Халықаралық банкноттық қоғамдастығының (IBNS) шешімі бойынша қатарынан екі жыл қазақстандық теңге жылдың ең үздік банкнотасы болып есептеліп келеді, - деп ҚР ҰБ баспасөз қызметі хабарлайды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Халықаралық банкноттық қоғамдастықтың жыл сайынғы байқауының қорытындысы шығарылды, мұнда Қазақстанның жаңа дизайніндегі 5 000 теңге банкнотасы «2012 жылдың Ең үздік банкнотасы» атағын алды. Халықаралық банкноттық қоғамдастық – бүкіл әлемдік банкнота коллекциясын жиюшылар тәуелсіз бірлестігі. Олар өздерінің theibns.org. сайтында интернетте дауыс беру арқылы жыл сайын жылдың ең үздік банкнотасын таңдайды. Бұл коммерциялық емес, білімдік сипаттағы ұйым, бүкіл әлемнің банкноталары мен қағаз ақшаларын тарихи, ғылыми және білімдік аспектілерінде зерттеуді мақсатқа алып отыр. 5 000 теңге банкнотасы 2011 жылдың 30 желтоқсанында шығарылған. Банкноттың дизайні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің дизайнерлерімен жасалды. Банкнота Қазақстанның Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында басылған. Банкнота дизайні, 2006 жылғы банкнота дизайні сияқты басым қызыл түсті, бірақ жарқынырақ және қанық. Беткі жағында вертикалды бейнелер басым, ал кері жағында – горизонталды. Банкнотаның беткі жағында Қазақстан тәуелсіздігінің кейіпін білдіретін, Астана қаласының он жылдық мерей тойы қарсаңында ашылған «Қазақ Елі» монументі бейнесі орналасқан. Банкнотаның төменгі оң жақ бөлігінде үйлесімдік, бейбітшілік пен ынтымақтың символын білдіретін ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Кері бетінде Қазақстан картасының контуры, алдыңғы планында, Іле Алатау таулырының фонфндағы Алматы қаласында орналасқан тәуелсіздік монументінің шыңы мен «Қазақстан» қонақ үй ғимараты бейнеленген. Дизайнға қорғаныс элементтерінің кең жинағы енгізілген, мысалы, металсыздандырылған бейнелері мен түс ауытқу эффектісі бар қорғаныс жібі және банкноттың беткі жағында, барстың қанаты бейнесіндегі, иілу бұрышын өзгерткен кезде, түсін жасылдан алтынға алмастыратын SPARK қорғанысты бояуы. Банкноттың кері жағында бір қатар қорғаныс элементтері бар: ұшып бара жатқан құс пен алма бейнелері бар голографиялық жолақ. Сондай-ақ, банкнотаны қолдан жасалудан қорғау мақсатында, кері жағында, жарықты өткізіп қарағанда толық сурет пайда болатын және беткі жағында бөлшектері көрінетін бейне орналасқан. Қазақстан банкноттары бұрын да халықаралық сыйлармен марапатталған. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банкноттарының жаңа сериясы, Халықаралық Валюталық Ассоциациясы (IACA) берген, жылдың ең үздік жаңа сериясы үшін жүлдені ұтып алды. 2007 жылы Бангкок қаласында, «Optiks» элементі бар 10 000 теңге номиналы «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында бірінші орынға ие болды. 2008 ЖЫЛЫ ТЕҢГЕНІҢ 15-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН, 2008 ЖЫЛ НҰСҚАСЫНДАҒЫ 5000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАСЫНДАҒЫ «SPARK» ҚОРҒАНЫС ЭЛЕМЕНТІ, БАНКНОТТАРДЫ ҚОРҒАУДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАЦИЯ БОЛЫП АЙҚЫНДАЛДЫ. 2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған, 10 000 теңге номиналындағы ескерткіш банкнотасы да, Халықаралық банкнота қоғамдастық (IBNS) байқауының нәтижелері бойынша «2011 жылдың Ең үздік банкнотасы» болып аталды.