«ҚР ҰБ Банкнот фабрикасы» РМК (мұнан әрі - БФ) осы жылы МС ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, BS OHSAS 18001:2007 (ИСУ) талаптарына сапаны, экологияны, еңбекті қорғауды басқарудың сәйкестігін анықтау мақсатында интегрирленген жүйеге ресертификациялық аудит жүргізілді. Мұның алдындағы ИСУ бойынша сертификациялық аудит 2009 жылы жүргізілген болатын. Ресертификациялық аудиттің мақсаты – ИСУ-дің толық тұрақты сәйкестігін және нәтижелілігін растау, сонымен қатар сертификациялау бойынша пайдалануға жарамдылығын негіздеу болып табылады. Сыртқы тексерістік аудит арқылы 5 жыл қолданысқа есептелген, 2008 жылы қабылданған өндірістік жабдықтарды жаңарту жоспарының орындалуы аталып өтілді, бұл БФ қорғанысты баспалық өнімдер технологиясын дамыту бойынша оң нәтиже береді. Банкнот фабрикасы банкнот және қорғанысты бағалы қағаздар өндірісі үшін көпбояулы қазіргі замандық баспалық машиналарды алды, мұнда басудың бірнеше тәсілін қолдану арқылы қорғанысты баспалық өнімдерді дайындауға болады. Бұған қоса, баспалық қалыптарды дайындау бөлімшесіне баспалық машиналарға қоса «СTоP» жаңа жабдығы, ал баспалық интаглио пластиналарды әзірлеу бөлімшесі үшін «CTiP» жабдығы алынды. Ол қазіргі уақытта қолданысқа қосуға дайындық үстінде. Құрал-жабдықтарды модернизациялау процесі барысында ID-карт, банктік карточкалар, GSM – смарткарт шығаратын жоғары технологиялы бөлімше құрылды, қазіргі уақытта осы бөлімше арқылы ҚР азаматының жеке басын растайтын электронды төлқұжат шығарылады. Болашақта VISA халықаралық төлемдік жүйесінің банктік картасын, MasterCard және т.б. шығару үшін осы бөлімшені сертификациялау мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы аудит сондай-ақ, кәсіпорын шығаратын өнімдердің, атап айтқанда, банкноттар мен қорғанысты баспалық өнімдердің осы тақырып бойынша өткізілген халықаралық конференцияларда тұрақты көрнекіленіп, алыс-жақын шетелдік әріптестерден жоғары баға алғанын атап өтті. Банкнот фабрикасы ИСУ-ді тұрақты бақылау, талдау жасау және жақсарту жолымен оның нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Тұтас алғанда, Банкнот фабрикасының барлық басқару жүйесі нарық жағдайында кәсіпорын қызметін тұрақты дамыту және бәсекелестігін арттыруға бағытталып отыр.