Аталған шараға қызметкерлердің 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалары бірауыздан қатысты. Көрмеге әртүрлі тақырыпты қамтитын бірнеше жанрда орындалған 40 шақты шығармашылық жұмыстар қойылды (суреттер, жапсырмалар және басқа да қолөнер туындылары). Көрмеге қойылған әр жұмыс өзіндік ерекше мәнермен орындалған. Әрбір шығармашылық туынды жас ұрпақтың өскелең, өркениетті рухани дүниесін танытады. Фабрика әкімшілігі ұжым мүшелерінің көрмеден алған әсем әсерін және олардың жылы лебіздерін ескере отырып, мерейтойлық шараға қатысқан барлық балаларға алғысын білдіреді. Сүйікті балалар, талантарыңыз әрі қарай шыңдансын! Болашақта зор шығармашылық жетістіктер тілейміз!