Бет жағының негізгі бейнелері:
орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтен сол жақта мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күрең және күңгірт сұр жолақтарға ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға ақ түсті сызықпен номиналдың сандық белгілеуінің контуры орналасқан. Банкноттың төменгі бөлігінде ашық алақан және жарқыраған күннің аясында оның жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышы өзгергенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде «Spark» қорғаныш элементі. Жайылған қанаттар қыранның динамикалық қозғалысын бейнелей отырып, жарқ-жұрқ етеді. Төменде тігінен мемлекеттік тілдегі номиналдың әріптік белгілеуі. Басым түстер — күрең қоңыр және қызыл.
Сырт жақтың негізгі бейнелері:
Қазақстан картасының контуры, алдыңғы көрініс Алматыда орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, «Қазақстан» қонақ үйі ғимараты, артқы көріністе Іле Алатауының таулары. Сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнот номиналының сандық белгілеуі, ал төменде ортада — орыс тіліндегі әріптік белгілеуі. Жоғарғы ортада тұсында
«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы, эмитент банктің логотипі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы.
Сутамғы белгі:
«Қар Барысы» басының бейнесі және электротип: 5000
Материалдар: Қағаз:
–100% мақта сутамғы белгісімен.
Қорғаныш жіптері:
– қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
– «5000 теңге» көрінетін мәтінімен, ені 3 мм сүңгуір жібі;
– ою-өрнек суретімен көмескі тәсілін енгізу элементімен қорғаныш жібі (қабыршық қағаз).
Элемент «Spark®» — жарқыраған күннің аясында оны жарқырап көрсететін және банкноттың көлбеу бұрышын өзгер ткенде ашық жасылдан ашық көк түске өзгеретін қалықтаған қыран түрінде, оптикалық өзгеруі қасиетімен арнайы екі орнықтыру бояуымен орындалған.