Банкноттардың портретті сериясы
Номиналы:
1 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
1 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 1 теңгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағында Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Банкноттың ортасында Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары.


Сутамғы белгі: 

Әл-Фарабидің портреті


Материалдар: Қағаз:
- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:

- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм.

Номиналы:
3 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
3 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 3 теңгелік банкноттың бет жағы жасыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде халық ақыны Сүйінбайдың портреті, тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Банкноттың ортасында Алатаудың көрінісі.


Сутамғы белгі: 

Сүйінбайдың портреті


Материалдар: Қағаз:
- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм.

Номиналы:
5 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
5 тенге
Размер (мм):
124*62
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 5 теңгелік банкноттың бет жағы қызғылт сары түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде халық композиторы Құрманғазының портреті және тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызғылт сары түсті. Банкноттың ортасында кесене кешені.


Сутамғы белгі: 

Құрманғазының портреті


Материалдар: Қағаз:
- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм.

Номиналы:
10 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
10 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 10 теңгелік банкноттың бет жағы күңгірт жасыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде қазақтың халық ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі розетка. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Банкноттың ортасында «Оқжетпес» тауының көрінісі.


Сутамғы белгі: 

Шоқан Уәлихановтың портреті


Материалдар: Қағаз:
- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
- қағаз бетіне ені 2 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын қорғаныш жібі.

Номиналы:
20 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
20 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 20 теңгелік банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Абай Құнанбаевтың портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қоңыр түсті. Банкноттың ортасында Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші.
Сутамғы белгі: Абай Құнанбаевтың портреті


Материалдар: Қағаз:
- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:
- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;
- қағаз бетіне ені 2 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын қорғаныш жібі.

Номиналы:
50 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
50 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 50 теңгелік банкноттың бет жағы қызыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызыл түсті. Банкноттың ортасында Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін Маңғыстаудың жартастағы сүреттері.


Сутамғы белгі: 

Әбілқайыр ханның портреті


Материалдар: Қағаз:

- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:

- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;

- қағаз бетіне ені 2 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын қорғаныш жібі.

Номиналы:
100 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год
Номиналы:
100 тенге
Размер (мм):
144*69
Год выпуска:
1993 год

Бейнесінің сипаттамасы: 

Құны 100 теңгелік банкноттың бет жағы күлгін түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Абылай ханның портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Сол жақ жоғарғы бұрышында металданған бояумен басылған гильоширлі розетка. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, төменде – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы күлгін түсті. Банкноттың ортасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.


Сутамғы белгі: 

Абылай ханның портреті


Материалдар: Қағаз:

- 100% мақта сутамғы белгісімен.


Қорғаныш жіптері:

- қағазға енгізілген машина арқылы оқуға болатын MRT-B/M жібі, ені 0,75 мм;

- қағаз бетіне ені 2 мм үзік-үзік сызық түрінде шығатын қорғаныш жібі.